​Кіші ДӘРЕТКЕ жиі БАРУ ненің БЕЛГІСІ?

0
46 380

Күніне 10 рет кіші дәретке шығатын болсаңыз дереу дәрігерге жүгіріңіз


​Кіші ДӘРЕТКЕ жиі БАРУ ненің БЕЛГІСІ?

фото: ovulyacia.ru

Дені сау адам кіші дәретке тәулігіне 4-8 рет шығуы керек. Егер одан да көп баратын болсаңыз және дәретіңіз көп мөлшерде болса, онда несеп жолдарын тексерту керек. Кіші дәретке жиі бару инфекциялық аурудың әсерінен болуы мүмкін. Одан бөлек:


  • пиелонефрит бүйрек және бүйрек түбінің қабынуы);
  • бүйректегі тас түйіршіктер;
  • тінаралық цистит;
  • қант диабеті аурулары себеп болады.


Кейде суды көп ішкеннен, тұзды көп қабылдағаннан, несеп жүргізетін сұйықтық қабылдағаннан және жүктілік кезде несеп жиі бөлінеді. Бұл қалыпты жағдай. Егер сіздің ішіңіздің төменгі тұсы ауырмай, ешқандай жайсыздық тудырмаса, сұйықтықты азырақ ішіп жағдайыңызды байқап көріңіз. Ал егер іштің төменгі тұсы мен шап шаншып ауырса, қызуыңыз көтерілсе онда уролог немесе андролог дәрігерге тексеріліңіз. Дәрігер сізді толық тексеруден өткізіп, қажетті сараптама жасатады. Нәтижесіне қарай ем-шараларын жүргізсеңіз, апта өтпей-ақ жазылып қаласыз.

фото: healthiguide.com


Негізінде несептің жиі бөлінуіне мына аурулар себеп болады:


НЕСЕП-ТАС АУРУЫ

Бүйректе тас болса несеп жолдарына кері әсер етеді. Салдарынан несеп жолдары ауырып, кіші дәретке шамадан артық барасыз. Егер асқынып кетсе несепке қан немесе ірің араласып шығады. Бұл жағдайға өте сақ болғаныңыз абзал. Аурудың алдын алмасаңыз, қауіпті дертке ұласуы ықтимал. Несеп жолдарының бұзылуына суықтау мен инфекция түсу себеп болады.

Бүйрек ауырса беліңіздің айналасы ауырып, қызуыңыз көтеріледі. Одан бөлек несептің түсі көмескіленеді.


ҮРПІНІҢ ҚАБЫНЫП АУЫРУЫ

Үрпі қабынған кезде несептің көп бөлінуімен көрініс береді. Аурудың пайда болуына жыныс жолдары арқылы жұққан инфекция себеп болады.


ЦИСТИТ

Несеп жолдарының қабынуын цистит дейді. Цистит кезде несептің көлемі азаяды, бірақ жиі-жиі шығасыз. Бұл кезде қуығыңыз ашып, қышымсып мазаңызды алады. Несеп шыққан кезде ашытып ауыртады. Бұл жағдайда да бей-жай қарауға болмайды.


ҚАНТ ДИАБЕТІ АУЫРУЫ

Бұл дерт те несептің жиі шығуына ықпал етеді. Оған қандағы қанттың көбейгені әсер етеді. Ал қанда қант көбейсе несеп өз құрамы мен шамасын жоғалтады да көбірек бөліне бастайды. Несептегі қышқыл көбейіп түрлі бактерия мен қабынудың пайда болуына ықпал етеді. Салдарынан цистит немесе пиелонефрит дертіне шалдығуыңыз мүмкін.

Қант диабетінің салдарынан болғанда дәрет түнде жиі қысады. Тәтті ұйқыңызды сан бөліп, уақытыңыздың басым бөлігін әжетханада өткізесіз.

фото: sgc-opeca.ru


БҮЙРЕК АУЫРУЫ

Медицина тілінде гломерулонефрит деп аталады. Бұл бүйрек суықтап, енді ауыра бастағанда несепті көбірек бөліп белгі береді. Дер кезінде ем алып күтінсеңіз, аз уақыттың ішінде айығып кетесіз. Егер көңіл бөлмесеңіз, онда несепке қан араласып, аурухана төсегіне таңылуыңыз ғажап емес.


ТУБЕРКУЛЕЗ

Бұл да несептің жиі бөлінуіне септігін тигізетін дерт. Туберкулез ауруы белең алғанда жыныс жолдары да қабынады. Салдарынан несепке жиі барасыз.


Сонымен кіші дәретке жиі бару қалыпты жағдай екен деп ауруыңызды асқындырып алмаңыз. Қайсы дерттің алдын алсаңыз да, айықпайтын ауру жоқ екеніне сеніңіз. Несепке жиі шығу іштегі шлакты «қуу» деген жалған ойға алданбаңыз. Бәрі де өз уақытымен, өз мөлшерімен болғаны әлде-қайда жақсы. Ендеше, күніне 10 рет кіші дәретке шығатын болсаңыз, ойланыңыз. Бұл жақсылықтың белгісі емес!


Материал түрлі дереккөздерінен алынды


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛГЕН кезде мына КОМПРЕСТІ жасаңыз


Түнде ТЕРЛЕУ қандай ДЕРТТІҢ белгісі?


ИНФЕКЦИЯНЫ жою үшін қияр ТҰЗДЫҒЫН ішіңіз