​КҮЗДЕ қозатын АВИТАМИНОЗДЫҢ алғашқы БЕЛГІСІН біле жүріңіз

0
5 459

Оны емдемесе не болатынын білесіз бе?


​КҮЗДЕ қозатын АВИТАМИНОЗДЫҢ алғашқы БЕЛГІСІН біле жүріңіз

фото: Яндекс.Дзен


Күз мезгілінде барлық ауру белең алады. Соның бірі – авитаминоз. Көктем-күзде асқынатын бұл дерттен толыққанды ем алу, дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану арқылы арыласыз.


Авитаминозға кімдер шалдығады?

Бұл көптеген адамдарда кездесетін дерт. Әсіресе, балғын жеміс-жидекті, көкөністі аз жейтіндер, дәрумендер мен минералды заттар қабылдамайтындар, аз қозғалатындар, спортпен мүлде айналыспайтындар, құнарлы әрі пайдалы тағамдарды жемейтіндер авитаминоз ауруына шалдығады.


Авитаминоздың белгілері қандай?

Терапевт дәрігердің айтуынша, өмір сүру салтын өзгерткен кез келген адамда авитаминоз кездеседі. Жағымсыз әрекеттер, дұрыс тамақтанбау, ұйқы, жұмыс тәртібін өзгерту аурудың асқынуына әкеледі. Оны анықтау үшін биохимиялық қан сараптамасын жасатасыз.

фото: www.flickr.com


Ал мына жағдайлар авитаминоздың алғашқы белгілері болып табылады:

  • Созылмалы шаршау. Қанша демалсаңыз да шаршау басылмайды. Бейне бір ұйқы көрмей, тынымсыз жұмыс істеген секілді шаршайсыз. Одан жата қалып ұйықтағанымен шаршауыңыз басылмайды. Түні бойы дөңбекшіп, ұйқыңыз да қанбайды. Үйден бір қадам аттап сыртқа шыққыңыз келмейді. Бойыңызда күш жоқтай қалжырайсыз.
  • Теріңіз бөртіп, аллергия береді. Терінің қабыршақтануы, құрғауы, қызаруы, бөртпе, безеу басуы, ісуі – авитаминоздың алғашқы белгісі. Бұл кезде шашыңыздың түсі өзгеріп, түсе бастайды. Жылтырлығы мен күшін жоғалтады. Тырнағыңыз да сынғыш болып, бетіне ақ дақ басады. Бұл жағдайларға А, Е, С дәрумендері мен мырыш элементінің жетіспеуі себеп болады.
  • Асқазан ауырады. Нақтырақ айтқанда, авитаминоз гастриттің пайда болуына ықпал етеді. Асқазан, ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылып, денсаулығыңыз сыр береді.

фото: Яндекс.Дзен

  • Жиі суықтап ауырасыз. Ағза мезгілдік вирустармен күресуге қауқарсыз болады. Сөйтіп, түрлі дерт бойыңызды билейді. Мұрныңыз бітеліп, құлағыңыз естімей қалғанша уақыт созбай, тезірек дәрігерге қаралыңыз. Ағзаны ауруға қарсы төтеп бере алатындай жағдайда сауықтырыңыз. Қажетті дәрумендерді ішіп, ем-шараларын жүргізіңіз.
  • Тіс жиегі қанайды. Бұл да авитаминоздың бірден-бір белгілері. Тісіңізді тазалаған сайын тіс жиегі қанаса, онда ағза С дәруменіне тапшы деген сөз. Жедел түрде құрамы С дәруменіне бай тағамдарды тұтынып, ем қабылдаңыз.
  • Бұлшықетіңіз әлсіреп, жай ұрып алсаңыз да көгеріп шықса, бұл да осы дерттің белгісі екенін біліңіз. Алдын алмасаңыз, аяқ-қолыңыз ұйып, саусақтарыңыз жансызданады. Аяғыңыз дым сезбей, аяқтың сіңірі тартылады.
  • Құштарлығыңыз төмендейді. Кез келген жағдайға енжарлық танытасыз. Тіпті, төсекке де зауқыңыз соқпайды. Бос уақтыңызда кітап оқу, таза ауада серуендеу, ас үй жұмыстарымен айналысу, балалармен ойнау, теледидар қарау сізге қуаныш сыйламайды. Керісінше, көрпеге оранып, төсектен тұрмай жатуды жөн көресіз. Бұл – авитаминоз ауруының белгісі.


Күз – төсекке таңылып, көзді тарс жұмып қимылсыз жататын кез емес. Керісінше барынша белсенділік таныту керек. Денені қыздырып, шынықтырып, ауруға қарсы күресуге дайындау керек. Құнарлы, нәрлі тағамдарды тұтынып, жеміс пен көкөністі көбереу жеу керек. Ағзаны дәруменге байытып, минералды заттармен нәрлендіру керек. Сонда саулығыңызды жақсартып, дерттің алдын аласыз.


Дереккөз: kubnews.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


АЛЛЕРГИЯДАН айыққыңыз келсе ҚҰРМА жеңіз


Бастың айналуын камфора майы тоқтатады


Бұл ЕКІ тәсіл ағзадағы ТОКСИНДІ «жуып» шығарады