​ОТШАШУДАН зардап шеккен жағдайда мына КӨМЕКТІ көрсетіңіз

0
5 153

Отшашу қауіпті!


​ОТШАШУДАН зардап шеккен жағдайда мына КӨМЕКТІ көрсетіңіз

фото: ugra-tv.ru

Жыл сайын «отшашудан абай болыңыздар, балаларға ұстатпаңыздар, мейлінше қолданбаңыздар» деп ескертсе де құлақ аспайтынымыз жасырын емес. Жылда зардабын тартып, балалар аурухана төсегіне таңылғандар жеткілікті. Кейбіріміздің отбасылық дәстүрімізге айналғалы қашан?!


Негізінде отшашуды қолданудың өзіндік ережесі бар, көпшілігіміз оны оқып, жақындарымызға түсіндіріп әуре болмаймыз. Сағат тілі 12-ге жақындағанда үйдегі тірі жанның бәрі сыртқа ағылады да, керісінше иттер үйге қарай жүгіреді. Негізінде ережесін толық білсеңіз, зардап шекпейтініңіз анық. Сонымен отшашуды ашық жерде жасау керек. Айналада шөп, ағаш, отын секілді заттар болмауы тиіс. Шоғы тиіп, өрт болмайтындай болу керек.



фото: medictionary.ru

Жарайды, отшашусыз өмір қызық болмаса, онда мына кеңесті оқып алыңыздар. Байқаусызда, жарақат алсаңыз, қажет болады.

  1. Ерітінді дайындап қойыңыз. 1 стақан жылы суға 1 ас қасық тұз салып, араластырасыз. Егер отшашудың ұшқыны денеңізге, көзіңіздің айналасына тиіп кетсе, дереу ерітіндімен сүртіңіз.
  2. Жарақаттанған денеге арнайы жабыстыратын пленка (Супрасорб) алғаныңыз дұрыс;
  3. Пластырь да өз кезегінде жарақатты инфекциядан қорғайды. Оның да артықтығы жоқ.
  4. Дәріхана сөрелерінде сатылатын гель жеңіл күйікке ем болады.
  5. Ауруды басатын дәрі ішкеніңіз жөн.

Оттың ортасында қалған адамды тоқтатып, жерге жатуы керектігін айтыңыз. Сосын үстіне кез келген (көрпе, куртка, мата) зат тастайсыз.


Отшашудан жеңіл жарақат алса:

Дене қызарып, ауырта бастағанда және кішкене күлдіреп бастағанда мына емді қолданасыз:

  • Жарақат алған денеге 10 минут салқын басыңыз. Мұз, суық суға малынған мата, сүлгі де болады.
  • Жарақаттанған тұстың киімдерін немесе әсемдік бұйымдарын шешіңіз.
  • Күйік кішкене басылған соң тағамдық пленка немесе пластырь жабыстырып қоясыз. Бірақ матамен, дәкемен орамаңыз.
  • Сосын теріні тыныштандыратын гель жағыңыз.
  • Егер күйік үлкен болса әрі зардап шеккен адамның иммунитеті әлсіз, созылмалы ауруы болса, дереу дәрігер шақыртыңыз.

фото: 4esnok.by


Отшашудан ауыр жарақат алса:

  • Күйген денені ағып тұрған суға тосасыз. Сонда ыстық басылады.
  • Жараға тиетін барлық затты (киім, алқа, сырға, сақина, белдік, етік) алып тастаңыз.
  • Жараны стерильденген пленкамен орайсыз.
  • Жедел жәрдем шақыртып, зардап шеккен науқасты ауруханаға жеткізесіз.


Отшашу қолыңызды жарақаттаса:

  • Дереу жедел жәрдем шақырыңыз.
  • Зардап шеккен науқасты орындыққа отырғызып, қолын жоғары көтеріңіз.
  • Жарақат алған жердң 15 минуттай қысып ұстап тұрыңыз. Сонда қан тоқтайды.
  • Мүмкіндік болса, сумен жуып, таза сулы матамен қолын байлайсыз.


Әрине 2-3 минутқа созылатын қызықтың артында өмір бойы шыжығы болатынын ұмытпаңыз. Отшашу былтыр сізге сәттілік әкелген болар. Мейлінше сақ болуға шақырамыз. Жаңа жылды жақсы тілектермен, асқақ арманмен, үлкен мақсатпен қарсы алыңыздар. Отшашусыз-ақ 2022 жыл есігіңізден еніп, төріңізге жайғасады. Жылмен қабаттасып келе жатқан құт-берекені, ырыс-несібені үркітіп алмаңыз! Жаңа жыл құтты жыл болғай!


Источник: medvisor.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СТРЕСС мына ДЕРТТІҢ қозуына себепші болады


ТҰМАУДЫ мына ДӘРІМЕН емдесеңіз ТЕЗ жазылады