ТАҢЕРТЕҢ салқын СУҒА түссеңіз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болатынын білесіз бе?

0
10 566

Суға түсудің де өзіндік ережелері мен талаптары бар. Оны ескеруге міндеттіміз. Себебі, дұрыс жасамасақ, кері әсері тиюі мүмкін.


ТАҢЕРТЕҢ салқын СУҒА түссеңіз ағзада қандай ӨЗГЕРІС болатынын білесіз бе?

фото: ovarikoze.com

Салқын душ – бойыңызды сергітіп қана қоймайды, денсаулығыңызға да айтарлықтай пайдасын тигізеді. Салқын су – көңіл-күйіңізді көтереді, артық салмақтан арылтады, денені шынықтырады. Оны бәріміз білеміз. Ал спортшылар оған қоса, мына 5 түрлі пайдасы бар екенін айтады. Тіпті, дәрігерлер де таңертеңгі салқын су саулығыңызды арттырып, түрлі дерттің алдын алуға болатынын ескертеді. Сонымен:


АРТЫҚ САЛМАҚТАН АРЫЛТАДЫ

Салқын су – ағзаның жұмысын жеделдетіп, зат алмасуын жақсартады. Қан айналым реттеліп, артық калория жойылады. Бойға жиналған майдың еруіне себепші болады. Егер ағзаның зат алмасуы дұрыс жұмыс істесе, ол ешқашан май жинамайды. Нәтижесінде салмағыңыз да көбеймейді.

Сондықтан да дұрыс тамақтану, тыныш ұйқы мен салқын душ мүсініңіздің мінсіз болуына ықпал етеді.

фото: fb.ru


ТЕРІНІ ЖАСАРТАДЫ

Салқын су – тері үшін өте пайдалы. Әсіресе, таңертең салқын душқа түскен соң теріңіз тегістеліп, жылтырап шығады. Өйткені салқын су терідегі тесіктерді тазалап, артық дақтан арылтады.

Косметолог мамандар күнде таңертең бетіңізді мұз текшесімен сүртіңіз деп кеңес береді. Себебі салқын су терінің ісінгенін басып, сергектік сыйлайды. Оған қоса, теріңіз жасарып, жылтырай бастайды.


ИММУНИТЕТТІ НЫҒАЙТАДЫ

Салқын су – иммунитетті көтереді дегенді естіген боларсыз. Денсаулығыңыздың мықты болғанын қаласаңыз, таңертең салқын суға түсуге ерінбеңіз. Салқын судың тигізетін пайдасы орасан. Әсіресе қарама-қарсы душ иммундық жүйеге өте пайдалы. Салқын су – вирусты жойып, ағзаны қуаттандырады.


ЖҰМЫСҚА ҚАБІЛЕТТІ АРТТЫРАДЫ

Салқын су – ағзаны стрестен қорғайды. Қатты шаршағанда, ағза әлсірегенде, көңіл-күйіңіз түскенде, жылағыңыз келгенде, өкпелегенде ең алдымен салқын суға түсіңіз. 5 минуттан соң қалпыңызға келесіз. Санаңызды билеген барлық ауыртпалықтан арыласыз. Мәселенің түйінін табасыз. Жұмыс істеуге құлшынысыңыз оянып, көңіліңіз көтеріледі.

фото: aliexpress.com


ЖАҒДАЙЫҢЫЗДЫ ЖАҚСАРТАДЫ

Салқын су – жалпы жағдайыңызды жақсартады. Әсіресе, салқын тиіп ауырғанда, суықтағанда, ауыр еңбекпен айналысқанда, спортпен шұғылданғанда дереу салқын суға түсіңіз. Сонда бойыңызды билеген барлық ауыртпалықтан арыласыз. Бұлшық еттеріңіздің ауырғаны басылып, шаршауды жеңесіз.

Егер мүмкіндігі болса, ваннаға су толтырып, мұз текшелерін салыңыз. Бұл су күні бойғы шаршауды басып, жігерлендіреді.


САЛҚЫН СУҒА қашан және қалай түсу керек?

Суға түсудің де өзіндік ережелері мен талаптары бар. Оны ескеруге міндеттіміз. Себебі, дұрыс жасамасақ, кері әсері тиюі мүмкін. Ендеше, таңертең ұйқыдан тұрған соң душқа келіңіз. Бірден сұп-суық суға түсуге болмайды. Судың температурасы денеңіздің температурасымен бірдей болуы керек. Суды реттеп алсаңыз, енді көзіңізді жұмып судың астында тұрыңыз. 10-15 минуттан соң душтан шығасыз. Осы минут ішінде ұйқыңыз ашылып, көңіл-күйіңізді көтеріледі. Таңғы асқа тәбетіңіз ашылып, бойыңызға сергектік сыйлайды. Ал егер қарама-қарсы душқа түсетін болсаңыз, онда 1,5-2 минут салқын, сосын жылы суға түсу керек.


Дереккөз: kubnews.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Балаларды вирустан қорғаудың жолдары бар – дәрігер


ДОНОР болудың ПАЙДАСЫ мен ЗИЯНЫ қандай?


БУЫНЫҢЫЗ ауырса ҚЫША қосылған ВАННАҒА түсіңіз