​«Қорыққанымыздан биледік дейді»: Шымкенттік екі әйел таксиге мінуге қорқып қалған

0
5 793

Келгенше билетіп, өздері де қосыла айғайлап өлең айтып келіпті.


​«Қорыққанымыздан биледік дейді»: Шымкенттік екі әйел таксиге мінуге қорқып қалған

иллюстрациялық коллаж үшін суреттер интернеттен алынды

Өмірде неше түрлі оқиға болып жатады. Шымкенттік екі әйелдің оқиғасы әдеттегілерден өзгеше. Ол туралы ERNUR.KZ тілшісіне айтып берген олардың жақын танысы көпшілікке абай болуды ескертеді.

«Пандемия деп кейбіреулер де «айни» бастады ма, қайдам... Таныстарым айтып берген мына оқиғаны естіп не дерімді білмедім. Өмірде ондай да адамдар бар екен», - деп шымкенттік тұрғын аң-таң қалып отыр.


Тіпті, мұның қорқынышты екенін де айтады ол. Сол себепті, такси тоқтатқанда да абай болып, қауіпсіздік үшін бөтен көлікке мінгенде оның нөмірі мен маркасына жіті мән беру керек екенін ескертеді.

- Сол күні жұмыс барысында кездестірдім оларды. Екеуінің де түрі бозарып кеткен. Айтуларынша, қаланың сыртқары бір ауылынан орталыққа жету үшін өтіп жатқан көліктерге қол көтерген. Бұлайша орталыққа қатынау олардың үйреншікті әдеті. Автобус кешіккенде немесе асыққанда кез келген көлік ала кетеді. Солай табыс табатындар да көп қой.

Сол үйреншікті әдет бойынша таңертең ертемен шыққан екі әріптесіме көлік келіп тоқтаған. «Шымкентке» деген бас изеген жүргізушінің қасында тағы бір кісі болыпты. Екеуі де орта жастан асып қалғандар дейді.


«Ойымызда түк жоқ, отыра қалып жеткенше әңгімемізді жалғастыра жөнелгенбіз. Бір уақытта жүргізуші мен алдыңғы орындықта отырған кісі екеуі айғайлатып той өлеңін қойды да, «Билеңдер!» деп бұйырды. Басында түсінбедік, онысы несі деп... «Қазір билемесеңдер, ұрамын. Көліктен түспейсіңдер!» деген соң қорыққанымыздан артқы орындықта отырған күйі билей жөнелдік...», - деп жыларман болды екеуі.


Соған қарағанда таң азанымен екеуі бір жерден тойлатып шыққан ба, әлде іші пысып не істерін білмей жүрген біреулер ме, түсініксіз деседі. Келгенше билетіп, өздері де қосыла айғайлап өлең айтып келіпті. Екі әріптесімді қалаға кіре берген жерден түсіріп кеткен, қоырққандарынан көліктің нөміріне де, маркасына да қарамапты. Тиіспегеніне қуанып, орталыққа жеткенше мың шүкір айтып өздерін әзер басқан.

Мұны естіп алып әбден ашуландым. Жастар да мұндай тірлік жасамаса керек қазір?! Орта жастан асқанда осындай масқаралыққа барып, бір-бір үйдің отанасын мазақ етуге, қорлауға қалайша дәттері барды? Өздерінің анасы немесе қарындасы, қызы мен әйелін осылай етсе қайтер еді?, - деп ашуланды ол.


«Сіздер арқылы, бәлкім, оқитын шығар. Осыдан өздерін танитын болар... Қателерін түсініп, енді қайтіп ондай бассыздыққа бармас болар деген ниетпен өтініш жасап отырмын. Сонымен қатар, көлікке мінгенде абай болыңыздар деігм келеді. Әсіресе, жақын ауыл арасы, жолай ала кететін көліктерге де мінгенде марка мен нөміріне мән беру керек екен. Күнде небір сұмдықтарды естиміз, сақтықта қорлық жоқ», - деген ол көпшілікті қауіпсіздік шараларын сақтауға да шақырды.


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


«Осы оқиғадан кейін әйелім төркінге кетіп қорқытпайтын болды»: шымкенттік азамат айласымен бөлісті


«Балаларым үйден қуып шықты»: қызылордалық ана өкінішін айтты