Ата-ананың ПЕРЗЕНТІНЕ жасаған бұл көмегі – жақсылық емес, ҚАСІРЕТ (ВИДЕО)

0
5 141

Ұл-қызы 20-40 жастан асса да әлі перзенттерін уайымдап, "балаларым үшін өмір сүріп жатырмын" дейтін аналар, 10 минут уақытыңызды бөліп, осы видеоны көріп шықсаңыз, өкінбейсіз !


Ата-ананың ПЕРЗЕНТІНЕ жасаған бұл көмегі – жақсылық емес, ҚАСІРЕТ (ВИДЕО)

Балаңыз үшін қандай жақсылық жасадыңыз? Сіз «жақсылық» деп жүргеніңіздің бәрі жақсылық па? Ал, «баламды қинап қойдым-ау» дегеніңіздің барлығы жамандық па? Перзентке жасалатын жақсылық пен жамандықты айыра білгеніңіз жөн.


Бұл жөнінде белгілі кәсіпкер, «Бизнес бастау» мектебінің директоры Нұрсила Ахметбек әлеуметтік желілерде айтудан жалыққан емес. Оның бір ғана мысалын келтірейік:

«Бір адам 2 гектар жерге күріш егіпті. Кішкентай баласын сол жерге күнде жұмысқа жегеді екен. Таңның атысы, күннің батысы баласы арқа еті арша, борбай еті борша боп тынымсыз жұмыс істейді.

Кішкентай баланың қиналғанын көрген ағайын-туыс, көршілері «Мынау баланы аясаң қайтеді? Баладан күріш артық болды ма?» депті. Сонда әлгі егінші «Мен күріш өсіріп жатқан жоқпын, баламды өсіріп жатырмын» деген екен.


Иә, адамның ең басты жауы – ЖАЛҚАУЛЫҚ болса, онымен күресті бала кезден бастау керек. Ал, жалқаулықпен күресудің ең қуатты құралы – ЕҢБЕК.

«18 жастан асқан баланы ұядан «лақтырып» жіберу керек. Бұл ата-ананың оған жасаған жақсылығы» дейді кәсіпкер. Түсінікті болу үшін мынау 10 минуттық ой саларлық видеоны көріп шығыңыз.⠀


Фото: @akhmetbeknursila_

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


НЕГЕ кейбір ЕРКЕКТЕР 40 жастан асса да ҮЙЛЕНБЕЙ ЖҮР?

Осы ЕКІ НӘРСЕ сізді МАҚСАТЫҢЫЗҒА анық ЖЕТКІЗЕДІ

Біз НЕГЕ қымбат затты, жақын жанды ЖОҒАЛТАМЫЗ?