Дуадан құтылу үшін парапсихолог-ғалымның айтқанын орындап көріңіз

0
32 097

Бақытсыздық, сәтсіздік, ұзақ жылға созылған сырқат, отағасының бала-шағасын тастап кетуі... Бұның себеп-салдары – дуа, қара магия деп ойлайсыз ба?


Дуадан құтылу үшін парапсихолог-ғалымның айтқанын орындап көріңіз

Бақытсыздық, сәтсіздік, ұзақ жылға созылған сырқат, отбасындағы ұрыс-керістің толастамауы, отағасының бала-шағасын тастап кетуі, бизнестің жүрмеуі, қиындық, қарыздың көбеюі, орынсыз шығын... Бұның себеп-салдары – дуа, қара магия деп ойлайсыз ба?

Солай болуы да мүмкін. Өйткені, тіпті ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) Мұхаммедке де дуа жасалған ғой. Демек, қара магияның, дуаның әсері өміріңізге кедергі келтіруі әбден мүмкін. Оған бей-жай қарауға болмайды. Бірақ, енді қайтпексіз? Жо-жоқ, балгерге, көріпкелге бара көрмеңіз. Мәселеңіздің себеп-салдарын нақты таба алмайтын сауатсыз емшілер жағдайды одан әрі күрделендіріп, адастырады, шатастырады. Бәлкім, көмекті Қазақстан халық емшілері қауымдастығының президенті, халық медицинасының профессоры, академик, белгілі парапсихолог-ғалым Қожалымов Зиядан қажының ғылыми кітаптарынан іздеп көресіз.

Мысалы, «Рухани емшілік ғаламаты: Құран аяттары емдік қасиеті» (Алматы: «Шалкөде», 2006 – 190 бет) атты кітабында З. Қожамылов ағамыз былай дейді:

«Қасиетті Құранда сиқыр мен дуаның барлығына шек келтірілмейді, тек оның өзіне тән белгілерін танып, шынымен сиқыр немесе дуа жасалғандығына көз жеткізу керек. Егер осы істің маманы қандай да бір адамды сиқырлап, дуаланған деп табатын болса, онда оған мынадай шара қолдану қажет.

Дуаланған адам таңертең күн шықпай тұрып, таң (Бамдат) намазын оқып болғаннан кейін, қасиетті Құранның 113-ші сүресі – Фәләқ сүресін оқып бұлақты немесе кішігірім өзенді кешіп өтуі керек. Суды кешіп өтіп бара жатқанда сүрені оқумен қатар судағы өзінің бейнесіне қарауы керек.

Фәләқ сүресі: «Бисмиллахир рахманир рахим. Қул әъузу би раббил фәләқи мин шарри ма халақа, уә мин шарри ғасиқин изә уақаба, уә мин шаррин нәффәсәти фил ъуқади, уә мин шарри хасидин изә хасад».

Арықты, бұлақты немесе өзенді кешіп өткеннен кейін науқас адам жүзін шығысқа беріп, жүрелеп отырсын да оң қолының сұқ саусағымен жерге арабшалап (суретте көрсетілген) «Хаман – Харут – Марут»

деп жазып, қайта өшірсін. Бұны күн шыққанға дейін жасау керек.

Егер жақын маңда арық, бұлақ немесе өзен жоқ болса, теңізге, ол болмаса, қаланың шетіндегі бұлаққа барсын. Егер бір рет жүргізген осындай шара жеткіліксіз болса, оны 3 рет қайталауға болады» деп жазады.

АЛ, ДУАДАН ҚОРҒАНУ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Аталмыш монографиялық кітабында академик Зиядан Қожамылов «Ұлы ғұламалар Ықылас сүресінің 73 түрлі, Фәләқ сүресінің 59 түрлі, Нәс сүресінің 62 түрлі, Ясын сүресінің 83 түрлі т.б. сүрелердің қорғаныстық, қуаттық, сырқаттан жазылу, сәттілік сапар, жын-шайтаннан қорғану, жолы болу, қайғы-қасіреттен құтылу, парасаттылыққа, білімділікке қол жеткізу, сиқыр, дуадан және көз-тілден сақтану, табысын жақсарту т.б. толып жатқан қасиеттерін анықтап, оның пайдалы жақтарын іс-тәжірибесінде дәлелдеп, өздерінің жеке тұжырымдамаларын қалдырған. Дуадан, қара ниеттілердің тарапынан жасалған магиядан қорғану үшін Ықылас, Фәләқ, Нәс және Ясин сүрелерін жиі оқыған абзал» дейді.

Меніңше, халық емшісі, академик ағамыздың айтқанын орындау ешкімге артықтық етпес.

Ж.СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ