Бақыттан басыңыздың айналғанын қалайсыз ба? Онда күніне бір рет бас айналғанша бір орында айналу керек.
Бақыттан басым айналды» деген сөзді адам қуанғанда, арманы орындалғанда айтады. Ал бұл сөздің қайдан шыққанын білесіз бе?
Тарих беттерін парақтасақ, сопылық ілімінде бас айналғанша бір орында тұрып айналатын ғибадат жаттығуы бар. Бір қызығы, бұл жаттығу барысында адам бойымен ғарыш қуаты өтетін көрінеді. Ол ағзадағы ауруды, жағымсыз ой мен ақпаратты «жуып», тазалап, лас қуатты жерге сіңіреді дейді мамандар. Нәтижесінде адамның физикалық, ментальды денелері тазарып, жаңа күш жинап, қуаттанады. Ал еңбекке қабілеттілік, табыстың көбеюі, денсаулықтың жақсаруы, бала туу, сұлулық, жасару бәрі де адам бойындағы қуаттың «салмағына» байланысты әркімде түрліше болады.
МЫСАЛ: Иммунитеті төмен адамға ауру үйір келеді. Ал иммунитет – қуат. Сол сияқты адамның психикалық, физиологиялық, ментальды т.б. қуаты нашарлағанда түрлі мәселелері көбейеді екен. Демек барлық мәселеден құтылу үшін ең бірінші қуатты көбейту қажет.
Бұл физикалық заңдылықтардың әсерімен жүзеге асады. Қысқаша түсіндірсек, жер бетіндегі жанды және жансыз барлық заттың қуат орталығы, ядросы болады. Шыр көбелек айналғанда беліндегі жібі қалыңдайтын кәдімгі ұршық секілді адам (немесе зат) айналған сайын қуаты арта береді.
ҚАЛАЙ ОРЫНДАЛАДЫ?
Бала кезде ойнаған юла ойыншығын есіңізге алыңыз. Бір орында айналады. Дәл сол сияқты бір орында тұрып асықпай бір ырғақпен айналасыз. Қиын емес, бірақ мынандай ережелерді сақтау керек:
- Таңертең ұйқыдан тұрған соң жуынып, тісті тазалап болғаннан кейін орындаңыз. Немесе кешке ұйқыға жатарда орындауға боалды. Өзіңізге қолайлы уақытты таңдаңыз.
- Жаттығудан екі сағат бұрын және кейін ешнәрсе ішуге, жеуге болмайды.
- Денеңізді тік ұстаңыз. Ұшуға дайындалғандай қолдарыңызды екі жаққа жайыңыз. Үш рет терең тыныс алыңыз.
- Денеңізді тыңдаңыз, ол оңға айналғысы келе ме, солға ма? Сағат тілі бағытында айналу – қуатты еселейді, ал солға қарай айналу – ағзаны проблемалардан, дерттен тазалайды. Екеуі де пайдалы.
- Асықпай, белгілі бір ырғақпен айналыңыз. Көзіңізді жұмбаңыз. Бірқалыпты тыныс алыңыз.
- Бас айналу, жүрек айну байқалса дереу тоқтатып, демалыңыз.
- Жаттығуды күнде бір рет орындау қажет. Қанша айналым жасайтыныңыз ағзаңыздың күйіне байланысты, яғни бас айналу байқалған соң тоқтайсыз.
- Айналып жатқанда проблемалардан, кеселден құтылып жатырмын деп ойлаңыз. Мейлінше көңілді болуға (күлуге де болады) тырысыңыз.
НӘТИЖЕСІ
- Ағзадағы биологиялық молекулалар қуаттанады
- Бүлінген, ескірген, ауру жасушалар қалпына келеді
- Психикалық бұзылыстар емделеді
- Стресс кемиді
- Психологиялық блоктар шешіледі
- Аура тазарады
- Адам бойындағы чакралардың жұмысы артады
- Мидың қызметі белсене түседі
- Қанайналым жақсарады
- Ағзаның барлық мүшелерінде жасару процесі жүреді
- Артық салмақ біртіндеп кемиді
- Бел мен аяқтың қуаты көбейеді
Басқа пайдасын жаттығуды орындап бастаған соң өзіңіз-ақ байқайсыз. Жаттығуды үзбей жасайтын болсаңыз, қуатыңыз құйын мен көлдегі ұйық секілді қалағаныңызды өміріңізге тартатын болады.
(суретер ашық дереккөздерден алынды)
Ж. СМАҒҰЛОВА,
Тағы да оқыңыз:
Қандай бокалмен шай ішіп жүрсіз? (тест)