​«Ментальды таңғы асты» ішуді ешқашан ұмытпаңыз!

0
2 840

Пайдасы зор.


​«Ментальды таңғы асты» ішуді ешқашан ұмытпаңыз!

фото: p0.pikist.com

Өмірде неше түрлі жағдай орын алады. Күтпеген оқиға мен сынақтан, қиындықтардан жеңіл өту үшін әр күні адам өзін психологиялық тұрғыда қуаттандырып отыруы маңызды.

Ал психологтар адамды жақсылыққа сендіретін сөз бен әдемі көңіл күйден артық ешнәрсе қуаттандыра алмайды дейді. Бұл орайда мамандар көп тәжірибеден өткен «ментальды таңғы асты» ұсынады.

Олай болса, біз де отбасы, бала-шаға қамымен таңғы асты ішіп үлгермесеңіз де ментальды таңғы асты ішуді ұмытпаңыз дейміз. Өйткені ол бір күнге жететін қуат бере алады. Құнарлы тамақтан да артығырақ.

Бір жақсысы, ментальды таңғы асты аялдамаға бара жатып немесе автобуста отырып та жылдам дайындай аласыз. Сондай-ақ оны жүріп кетіп бара жатып «жеу», «жұта салу» оп-оңай. Оның құрамын қалауыңызша күнде өзгертсеңіз де болады.


Ментальды таңғы ас рецепті:

Құрамына өзіңізге ұнайтын аффирмацияларды қосыңыз. Мысалы:

- Бүгін мен үшін ең керемет күн

- Бүгінгі күн қуанышқа, сәттілікке толы болады

- Мен бақытты адаммын

- Мен сәттіліктің магнитімін

- Мен жолы болғыш жанмын

- Бүгін табысты күн

- Айналамда жақсы адамдар көп...

Осы немесе осы секілді аффирмацияларды небәрі 20-30 секундта дауыстап айтасыз (мүмкіндік болмаса ойша айтсаңыз да болады). Ментальды таңғы ас дайын. Ал оны "жеу", "жұту" – күлімсіреп қуанышты сезіну, яғни позитивті күйге бөлену. Осы ғана, түк қиындығы жоқ.

Жалпы, ментальды таңғы асты ұйқыдан тұра салып «ішудің» пайдасы ерекше. Төсегіңізді жинап жатып немесе шай қойып жатып айта салыңыз. Әйтпесе, кейін ұмытып кетесіз. Бұл сіздің күнделікті таңғы әдетіңізге айналсын.



Ментальды боянуға да көп уақыт кетпейді


фото: img.cancaonova.com

Одан бөлек, психологтар ментальды боянудың да керемет қуат сыйлайтынын айтады. Үйде үлгермесеңіз жұмыста отырып-ақ 1 минут уақытыңызды арнап ментальды түрде боянып алыңыз.

Ол үшін айнадағы өзіңіздің көзіңізге тіке қарап, сүйіспеншілікпен, шынайы түрде «Мен сені жақсы көрем. Сұлуым, ақылдым. Сен мықтысың!» деп айтыңыз. Немесе «Мен өте сұлумын. Күннен-күнге тартымдылығым артып жатыр» деп айтсаңыз да болады. Жалпы айтқанда, өзіңізді мақтаңыз, еркелетіңіз, жақсы көріңіз, өз көзіңізге сүйіспеншілікпен қараңыз. Бұның әсері зор.

Байқасаңыз, ментальды тамақтану мен ментальды боянуға бірнеше секунд қана жұмсалады. Бірақ көңіл күйге, денсаулыққа пайдасы ғаламат. Қуатыңызды тасытады, жасартады. Егер күнде осы екі әдетті ұмытпай орындап жүрсеңіз, нәтижесін өзіңіз-ақ аңғарасыз.

Дайындаған: Ж. Нұрабайқызы,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


«Жайлы аймақтан» қалай ОҢАЙ шығуға болады?

ЖАБЫРҚАЙТЫН МЕЗГІЛ ЕМЕС: Күзді көңілді өткізудің 5 жолы