Негатив пікір ЖҮЙКЕГЕ ТИСЕ не істеу керек?

0
6 599

Фейсбук пен инстаграм парақшаңызда өзгелердің жазған комментарийіне жауап жазбас бұрын осы әдістерді жасаңыз.


Негатив пікір ЖҮЙКЕГЕ ТИСЕ не істеу керек?

фото: kub8.ru

Айналаңыздағы адамдардың, әлеуметтік желілердегі достар мен таныстарыңыздың кейбір сөздері ашуды шақырмай қоймасы анық. Не істеу керек мұндайда?


Бұл түрғыда психолог мамандар ашуды басатын, негативті сөздерді ойдан шығаруға көмектесетін мынандай үш тәсілді ұсынады.



БІРІНШІ ТӘСІЛ


фото: econet.ru

Елемеңіз. Көңіл күйді түсірген сөздерді ойыңыздан үзіп алып тастаңыз. Немесе ойыңызға жолатпаңыз. Бұның бір жолы – ол туралы ойламау.

Пәленше не үшін олай деп айтты (жазды)? Ол неге мен туралы ондай ойда? т.б. осы секілді сұрақтарға жауап іздемеңіз. Өзгенің жағымсыз комментарийін (айтқан сөзін) ойша да, жазбаша да талдамаңыз. Өзіңізді ешкімге де, өзіңізге де ақтауға тырыспаңыз. Сонда жағымсыз сөздер, ойлар бір-екі күннен соң ұмытылады.

Егер елемеймін десеңіз де ашуыңыз кеп, тынысыңыз тарыла берсе, келесі психологиялық әдісті қолданыңыз.



ЕКІНШІ ТӘСІЛ

Кәдімгі балауыз шамның бірін алып, жағыңыз. Жанып тұрған балауыз шамды алдыңызға жақындатып қойыңыз да көз алмай 5 минут қараңыз.

  1. Жалынның түсі қандай? Қалай жанып жатыр? От ойнап, билеп жатқандай ма, қалай? Барлық назарды маздап жанған отқа аударыңыз.
  2. Ашу келтірген негативті сөздер отқа жанып, жоқ боп жатқанын елестетіңіз. Ойыңызға басқа да жағымсыз оқиғалар келе қалса, оларды да отқа салып өртеп жіберіңіз.
  3. Ашуыңыз басылғаннан соң көзіңізді жұмып, терең-терең тыныс алыңыз. Көздеріңіз жұмып тұрып, алдыңызда жанып тұрған балауыз шамды ойша көруге тырысыңыз.
  4. Осы қалыпты сақтап, көзіңізді ашыңыз. Балауызды шамды өшіріңіз.

Жолда, көлікте, отырыстарда, жұмыста әлдекімнің сөзі, қылығы мен әрекеті ашуландырса, көздеріңізді жұмып, жанып тұрған балауыз шамды елестете қойыңыз. 1-2 минутта-ақ аушыңыз басылып, жүйкеңіз тынышталады.



ҮШІНШІ ТӘСІЛ


фото: kot.sh

Келесі психологиялық тәсіл минусты (-) плюсқа (+) алмастыру деп аталады.

Мысалы, көптен бері көрмеген құрбыңыз «Семіріп кетіпсің ғой» деді делік. Бірнеше кг салмақ қосқаныңызды өзіңіз де білесіз. Бірақ бұл сөз әп-сәтте көңіл күйіңізді қуып, жабырқатады. Тіпті күні бойы қуануға кедергі келтіруі мүмкін.

Құрбыңыздың сөзі ойыңызға орала берсе, «Мен сымбаттымын» деп, бірнеше рет дауыстап және іштей қайталаңыз.

Психологтар егер сіздің тарапыңызға айтылған жағымсыз сөздерді сол сәтте плюсқа алмастыратын болсаңыз, негативті ой эмоцияңызға билігін жүргізе алмай қалады дейді.

Бұл әдісті өзгенің сөздері ғана емес, өз ойларыңыз ашуландырғанда да қолдануға болады.

Мысалы, кейде бірнәрсені дұрыс орындай алмағанда, «Қолымнан түк келмейді екен ғой», «Неге болбыр, боспын» деп, өзіңізге ашуланатын кез де болады. Мұндайда да негативті сөзіңізді дереу «Менің қолымнан бәрі келеді. Мен пысықпын» деп, позитивті оймен алмастырыңыз. Жағымды ойыңызды дауыстап аутуға да, іштей қайталауға да болады.


Ж. СМАҒҰЛОВА,

ERNUR.KZ



Тағы да оқыңыз:


Кез келген ұрыс-керісті тоқтататын СИҚЫРЛЫ 5 сөз

Баланы тербеткен дұрыс па?