ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ ​5-ақ минутта ЖЕҢУГЕ болады

0
3 165

Сенбесеңіз, дәл қазір техниканы қолданып көріңіз.


ЖАЛҚАУЛЫҚТЫ ​5-ақ минутта ЖЕҢУГЕ болады

Фото: www.syl.ru

Жалқаулық – ең басты жауыңызға айналды ма? Ол ешкімге жақсылық әкелмеген. Сондықтан одан ертерек құтылған дұрыс. Бұл орайда психолог мамандар ең нәтижелі мынандай техниканы ұсынады.

Бұл психологиялық техника әлемдегі көп адамға жәрдемдескен, сізге де көмектесетініне жантану мамандары сенімді. Тіпті бұл әдісті мамандар «жалқаулықтың дәрісі» деп те атайды. Бойыңызға жалқаулық үйір бола бастағанда «5 минут» дәрісін «ішіп алсаңыз» болғаны, бес-жеті минуттан соң әсерін анық байқайсыз.



Әсері жылдам бұл техниканың орындалуы оңай. Мысалы, бүгінгі істі ертеңге қалдырғыңыз келгенде, небәрі 5-ақ минутыңызды арнауға тырысып, әлгі істі бастап жіберіңіз. Ойыңызды басқа нәрсеге бұрмай тек осы жұмыстан бас алмаңыз. Бес минуттан соң бойыңызда күш пен жұмысты аяқтап тастауға қызығушылық басталғанын аңғармай қаласыз.

Иә, бұл көп жұмысты бес минутта бітіресіз деген сөз емес. Бұл алғашқы қадамды жасау арқылы жалқаулықты қуатын техника.


Бұл әдісті былай да қолдана аласыз. Бүгін атқарылуы тиіс жұмыстардың тізімін жазыңыз. Қайсысын дәл қазір бастауға болады? Үзіліс салмай бастаңыз. Қиын боп көрінген жұмысты әп-сәтте аяқтағаныңызға қуанасыз.


5-ақ минуттың ішінде орындалатын жұмыстар бар. Мысалы:

  • тыныс алу жаттығуы
  • кешкі астан соң кеселерді жуа салу
  • кір сүлгілерді кір жуғыш машинаға салу
  • отырып-тұру жаттығуы
  • дәріханаға барып келу
  • шаш жуу
  • қоқысты шығару
  • шұлық жуу
  • қолға крем жағу
  • тарақты шаштан тазалау
  • шалбардың сөгілген жерін тігу...


Осы секілді небәрі 5-ақ минут жұмсайтын істің өзіне кейде ерініп жатамыз. «Қазір», «сәлден соң» деп отырғанда басқа шаруалар көбейіп, 5 минуттық жұмыстар орындалмай қалып кетеді. Бірер минутты қана қажет ететін жұмыстарды тізімнен бөліп алыңыз да арасына үзіліс салмай, бірінен соң бірін орындап тастаңыз. Жарты сағаттың ішінде бірталай іс атқарып тастағаңызға таң қаласыз.

Міне, «5 минут» техникасы осылай жалқаулықты қуады. Оны үнемі пайдаланып отырсаңыз, бірер аптадан соң жұмысты кейінге қалдырмайтын пысық боп кетесіз. Ендеше, бұл техниканы дәл қазір сынап көрсеңіз болады.

Дайындаған: Табиғат ҚАЛЫБЕК,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Үнемі КӨҢІЛСІЗ ЖҮРЕСІЗ БЕ? Себебін анықтаңыз (тест)


Уәдені орындамасаңыз НЕ болады?