​Жаңа жыл: Жұлдызнамаға сәйкес киім таңдайық!

0
4 968

Жұлдызнама белгіңіз қандай?


​Жаңа жыл: Жұлдызнамаға сәйкес киім таңдайық!

Көп ұзамай 2019 жыл да есіктен кіргелі тұр. Әрбір нәзік жандыны сол күні екі мәселе мазалайды. Біріншісі, «Қандай тамақ дайындаймын?» болса, екіншісі, «Қандай көйлек киемін?».

Солай емес пе? Ал осы жылы сіз қандай көйлек киесіз? Әлі бір шешімге келмеген болсаңыз, бірге таңдау жасайық. Әйелдік интуицияға сеніп жұлдызнама бойынша киініп көруге қалай қарайсыз. Мамандардың айтуынша, жұлдыздарға сәйкес келетін түс жақсылық алып келеді.

Олай болса, кеттік!

Тоқты

Бұл белгідегі сұлулардың стихиясы – от. Олар да от сияқты үнемі жанып жүреді, харизмасы мен қырсықтықтары бір бастарына жетеді. Эмоцияға берілгіш тоқтыларға осы жылы жарқын түстерді таңдаған дұрыс. Әсіресе қызыл мен күлгін көріктерін аша түседі. Тым көп аксессуарлардың қажеті жоқ, тек қызыл түсті көйлекті қызыл далаппен толықтырсаңыз да жетеді.

Торпақ

Торпақтар өзгелерден мейірімділігі мен қамқорлығы арқылы ерекшеленеді. Олар өз жаңалықтарын басқамен бөлісуге асығып тұратын торпақтарға бұл жылы аспан түстеспен көмкерілген жарасымды. Мамандардың айтуынша, бұл түс торпақтарға бақыт әкеледі. Сондықтан көк түсті, етегі кең көйлектерді ойланбай таңдай беріңіз, ал оны жарқын макияжбен толықтыруға болады. Бірақ қарапайымдылық сұлулықты еселейтінін естен шығармаңыздар!

Егіздер

Бұл белгімен туған адамдар үшін жұрттың пікірі өте маңызды. Сондықтан болар, олар гардеробын өзгенің таңдауымен көбірек толтырады. Бұл Жаңа жылда жалғыз басты егіздер өз сыңарын тауып қалуы мүмкін. Ол үшін таңдауды күміс түстес киімдерге бұрған дұрыс деседі. Ол образды көлемді сырға, жылтырақ білезіктермен толтырыңыз.

Шаян

Су стихиясындағы бұл белгілердің жандары романтикаға жақын әрі жұмбақ адамдар. Сондықтан бұл белгілерге жұрттың қиялы жетпейтін креатив дүниені кисе жарасымды болмақ. Нәзік көрсететін алқызыл, сары, шабдалы түстес реңкті көйлектермен қауырсын қолданылған аксессуар таңдаңыз.

Арыстан

Бұл белгімен туған нәзік жандылар өздерін өте қатты жақсы көреді. Олар көпшіліктен ерекше болғанды, жұрттың назарын өзіне аударғанды ұнатады. Сондықтан олардың гардеробындағы киімдер көбінде сән салтанатты кештерге арналған болып келеді. Бұл жолы да оларға еденге төгіліп тұратын көйлек киюге кеңес береміз. Көйлектің түсі ақ пен алтын түстес болса сәттілік серік болады.


Бикеш

Бикеш белгісіндегі сұлулар сезімтал келеді. Сол үшін оларға нәзік көрінетін образ таңдаған дұрыс. Шоколад түстес киім киіп, басты акцентті белге түсіргендеріңіз дұрыс. Ол сізді бұрынғыдан да көркем етіп, ажарыңызды аша түседі.

Таразы

Үнемі көңілді жүретін таразы белгісіндегі сұлуларға Жаңа жылды көк түсті киіммен қарсы алса бақыт пен сәттілік алып келуі мүмкін. Бірақ көйлектің артық өрнектері болмағаны дұрыс. Мүмкін болса көйлекті барқыт немесе велюрден тігілгенін таңдаңыз.

Сарышаян

Мінезі қырсық сарышаяндарға «іскер» образдар жарасады. Киімді сары, қызыл, қызыл-сары түстерден таңдаған дұрыс. Жаңа жылдық образға жақындағыңыз келсе, көйлектің арты ашық немесе декольте түрін киіңіз.

Мерген

Өзіне сенімді Мергендерге тым ұзын көйлек таңдамаған дұрыс. Керісінше өзіңізге ыңғайлы киімді киіңіз. Бірақ оның жасыл, қоңыр, күлгін түсті болуына назар аударыңыз. Ол образды бас киім немесе маскамен толықтырсаңыз жетіп жатыр.

Тауешкі

Тауешкілер жарқын түсті киімдерді таңдаса Жаңа жылдық тілектері орындалатынына жұлдыздар сөз береді. Етегі кең көйлектердің түрлі өрнектермен көмкерілгенін, болмаса ою-өрнектермен безіндірілгенін таңдаңыздар. Өз сұлулығыңызды айшықтаудан қорықпаңыздар!

Суқұйғыш

Мейірімді, шыншыл және ақылды Суқұйғыш белгісіндегі сұлуларға сары, жылтырақ, түстер сәттілік алып келеді екен. Образыңызға тастарды, қауырсынды қосуға тұрысыңыз. Сондай-ақ, тоқыма көйлектерді де киюге болады.

Балықтар

Арманшыл Балықтар әр түрлі стилде киінгенді ұнатады. Сондықтан оның гардеробына түрлі образдар жиналған. Ал осы Жаңа жыл түнінде күлгін, ашық жасыл түсті ұзын көйлектерді таңдауға кеңес береміз. Матасының жеңіл, жұқа болуына мән беріңіз. Ал аксессуарға меруерт тас қосыңыз.


Фото: kleo.ru

Автор: karashash_esenbay

ERNUR.KZ