Олардың тазалыққа мән беретіні соншалық, қоқыс жәшігі де керек емес.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Жапония жайлы білетін немесе сонда кем дегенде бір рет барғандар Жапонияның өте таза ел екендігіне күмән келтірмейді. Ол елдегі тазалық деңгейін басқа ешбір елмен салыстыра алмайсыз.
Әрине, бұл елде де лас аудандар бар. Мысалы, Токионың кейбір аудандарында қоқыс көп екен. Бірақ, ол жерлерде жапондар емес, шетелдіктер өмір сүреді екен. Ал, жергілікті тұрғындар мекендейтін аумақтар әрқашан айнадай тап-таза болып тұрады.
Неліктен Жапонияны таза ел деп санаймыз?
Көптеген деректерге сұүйенсек, Жапония көшелерінде қоқыс жәшігі болмайды және адамдар да қоқысты жиі лақтыра бермейді. Десе де, түнде көптеген мерекелік кештер мен би кештері өтетін, шетелдіктер көп жүретін жерлерде шашылған қоқыстарды көруге болады. Егер, сіз мұндай аумаққа таңертең ерте баратын болсаңыз, қоқысқа сүрінесіз. Дегенмен, бірнеше сағаттан соң мұндай жерлердің өзі тап-таза болып тұрады. Өйткені, жапондардың әрбір жанұясында үйде және тыста тазалық сақтау тәртібі ерекше қағаланады. Тиісінше, олардың тазалық сақтау мәдениеті әлем жұртын тамсандырып келеді. Одан бөлек, жапон қалалары әрдайым жарқырап тұрады.
Жапония мектептерінде барлық қызметкерлерден бастып, балаларға дейін тазалық орнатуға міндетті. Тіпті, барлық жапондар осы идеяға топтасқан десек те болады. Олар бұл әрекеттерімен елдерін таза ұстап қана қоймай, шетелдік қонақтарға да ой салады. Осы ретте Жапониядағы тазалық мәдениеті туралы бірнеше түсінік қарастырайық.
1. Қоғамдық қоқыс жәшіктері жоқ па? Ешқандай проблема жоқ!
Жапон жеріне аяқ басқан адам байқайтын бірінші фактор – көшеде қоқыс жәшіктерінің өте сирек болатыны. Өйткені, олар бала кезінен қоқыс үшін жауапкершілікті мойнына алып, оны өзімен бірге үйіне апарып, одан құтылу жолдарын қарастыруға дағдыланады.
Көшеде қоқыс жәшіктері болмауының тағы бір себебі бар екен. Белгілі трагедия – Токио метросындағы шабуылдан кейін көшедегі қоқыс жәшіктерін алып тастау туралы шешім қабылданған. Дегенмен, станцияларда, перронда, сонымен қатар, тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерінің жанында әрқашан бірнеше қоқыс жәшігі болады.
2. Ұқыпты қоқыс
Жапонияда дүкеннен азық-түлік немесе 1-2 ғана зат алған адамдар міндетті түрде пакет алады. Мұның басты себебі – қалдықтарды бір жерге жинап жүру. Мысалы, адамдар жол бойында қоқыс жәшігі кезікпей жатса, қалдықты қалтасы немесе сөмкесіне салғысы келмейді. Осындай жағдайда жаңағы пакеті көмекке келеді.
Сонымен бірге, мұндағы қоғамдық көліктердің көпшілігінде қоқыс саласын пакеттер болады. Бұл пакетті ысырап ету сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл адамдарға әдептілік пен тазалықты сақтауға көмектеседі.
3. Жеке үйлерде тұратындар мен кеңседе отыратындар ғимараттарының айналасындағы тазалыққа өздері жауап береді
Жапония тұрғындары күн сайын таңертең өздері мекен ететін және жұмыс істейтін ғимараттардың айналасын тазалап, қоқыстарды жинап жүреді. Олар ғимараттарға қызмет көрсететін персонал емес, қарапайым сатушылар, кеңсе қызметкерлері, медбикелер және т.б.
Бұл жалған мәлімет емес. Өйткені, Жапонияда жұмыс істеген көптеген адамдар ғимараттардың ішкі және сыртқы аумақтарын тазалауға қатысқанын айтады. Көптеген жапондық компания қызметкерлері кезек-кезек кесте бойынша тазалық жұмыстарын жүргізеді. Тиісінше, бұл тек тазалыққа үйретіп қана қоймай, қоқысқа тасталмайтын жерде, басқа адамдардың жұмысын бағалай отырып өмір сүруге үйретеді. Оның үстіне адамдарда «ертең өзім жинайтын жерге қоқысты неге тастаймын» деген пікір қалыптасады.
4.Еріктілер ұйымдары тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі
Жапонияның көптеген аумағында жұмыс істейтін Greenbird деп аталатын ұйым үнемі тұрғындарды тазалық сақтауға шақырады. Бір қызығы – олар бос бөтелкелерден бұрын, қағаздың кішкене бөліктерін және темекі тұқылдарын жинайды. Идея мәні – тазалықты көзге көрінбейтін қоқыстан бастау.
Ал, Jambo International деп аталатын еріктілер тазалыққа шақырумен ғана емес, тауға серуендеуді, халықаралық кештерді, қайырымдылық концерттерін және т.б. игі іс-шараларды ұйымдастырады. Жалпы, Жапонияда мұндай ұйымдар өте көп.
5. Қоғамдық көліктегі мінсіз тазалық – қалыпты жағдай
Жапонияға барған адамдар жапон көлігі қаншалықты таза екеніне көз жеткізеді.
6. Жолда да тазалық
Жапонияға барған адам ондағы көліктердің де қаншалықты таза екенін байқайды. Мұның себебі – жуу ғана емес, жолдардың таза болуы. Мұнда тіпті қолайсыз ауа-райында да көліктер ластанбайды.
Құрылыс пен өндірісте қолданылатын жүк көліктері де ерекше таза болады. Себебі, ауысымнан кейін әр жүргізуші көлігін мұқият жуады. Сондай-ақ, такси жүргізушілері көліктерін жылтыратып, әрдайым ақ қолғап киіп жүреді.
7. Бірлескен сенбіліктер
Жапонияда тұратын адамдар бір-бірін қоғамдық тазалық жұмыстарына шақырады. Сөйтіп, бәрі белгіленген уақытта қолғап киіп, айыр, шөп шабатын машина, тырма алып, көше арықтарын бірге тазалап, ағаштар мен шөптерді қырқып, әсіресе шағын саябақтар мен қоғамдық дәретханаларды ретке келтіреді.
Міне, Жапонияның соншалықты таза болуының көптеген себептері бар. Біз солардың бірнешеуін ғана қамтыдық. Сондықтан біз жапондықтардан өз қалалары мен ауылдарын қалай таза ұстау керектігін үйренуіміз керек.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Ұшаққа қандай КИІММЕН отыруға БОЛМАЙДЫ?