Медицинасы ЕҢ МЫҚТЫ елдер ҚАЙСЫ?

0
6 129

Ғаламтор беті коронавирус жайлы ақпараттарға толып тұрған кезеңде медицинасы өте мықты елдер жайлы ақпарат оқи отырыңыз.


Медицинасы ЕҢ МЫҚТЫ елдер ҚАЙСЫ?

илюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша әлем халқының орташа өмір сүру ұзақтығы жыл сайын өсуде. Бұл адам өмірін ұзартуға мүмкіндік беретін денсаулық сақтау саласының деңгейі өсіп жатқанын білдіреді. Ол елдер жайлы бүгінгі мақаладан оқи аласыз.


Швеция

Швеция халқының барлығында медициналық сақтандыруы бар және медициналық шығынның 97 пайызы мемлекет тарапынан өтеледі екен. Сондай-ақ, 19 жастан асқан адамдардың барлығына стаматологиялық қызметтер тегін көрсетіледі. Ал елдегі барлық дәріханалар интернетке қосылған және әр пациенттің медициналық тарихы компьютерге жазылатын болса, әр жұмыс беруші жұмысшылардың денсаулығына байланысты әр 14 күн сайын жалақысының белгілі бір пайызын төлеп отырады екен. Сонымен қатар, бұл елдің экологиясы да тамаша екені баршаға аян.


Швейцария

Швейцария халқы өмір сүру ұзақтығы бойынша әлемде алдыңғы қатардан көрінеді (ерлер үшін 80,5 жыл, әйелдер үшін 85 жыл), оның үстіне әрбір тұрғынның базалық және жазатайым оқиғалардан медициналық сақтандыруы бар екен. Оған шамамен жалақының 10 пайызы бөлінеді (айына шамамен 200 000 теңге). Ал ауруханалары өте жоғары деңгейде жабдықталған, тіпті кезек күту деген мәселе өте сирек кездеседі.


Германия

Бұл елде әмбебап медициналық сақтандыру жұмыс істейді, сондықтан халықтың барлық шығындарын өтейтін сақтандыру бар. Сондай-ақ, неміс медицинасы дүниежүзіне университеттерде мемлекет қаржысымен тұрақты жүргізілетін ғылыми зерттеулерімен танымал.


Израиль

Шығынын толықтай мемлекет қаржыландыратын Израиль медицинасы ел азаматтарына өте сапалы қызмет көрсетеді және медициналық туризм деген сала жоғары деңгейге көтерілген.

Израильде негізгі төрт аурухана бар екен, олар: Клалит, Маккаби, Меухедет, Леумит. Әр азамат Заң бойынша осылардың біріне тіркелуге міндетті. Есесіне науқастар дәрігерге қаралу, диагностика жасату және ем қабылдауға жату мәселелеріне бас қатырмайды. Тиісінше медицина қызметкерлерінің біліктілігі мен ауруханалардағы құрылғылар заман талабына сай.


Испания

Испаниядағы медициналық қызмет көрсету саласы әлемдегі ең үздіктердің бірі және ел тұрғындары мен жұмыс істейтін азаматтар үшін тегін. Сондай-ақ, бүкіл ел бойынша ауруханалар мен дәріханалардың ауқымды желісі бар. Бұл кез келген науқас медициналық қызметті 15 минуттан артық күтпеу үшін жасалған. Ал испандықтардың өмір сүру ұзақтығы 81 жыл екен.


Италия

Бұл мемлекеттегі әрбір адам түрлі мемлекеттік медициналық қызметті тұтынуға құқылы, тіпті заңсыз әрекеттен зардап шеккендер де. Италиядағы медициналық қызметтер тегін көрсетілмейді, бірақ ақысы барша халыққа қолжетімді және деңгейі тиімділік көрсеткіштері бойынша әлемде жоғары бағаға ие. Италияндықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жылға тең.


Австралия

Ел Үкіметі азаматтардың медициналық шығындарының 75 пайызын өтейді, ал 25 пайызы жеке медициналық сақтандырумен қаржыландырылады. Ал медициналық мекемелер жоғары сапалы медициналық қызметтерімен және пациентті мұқият зерттеп барып емдеуімен ерекшеленеді.


Гонконг

Гонконгта адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 82 жыл және балалар өлімінің деңгейі өте төмен. Біліктілігі жоғары дәрігерлер өз саласында дәстүрлі қытай медицинасының білімін және әлем елдерінің классикалық медицинасын пайдаланады. Оған қоса, көптеген кіші, жеке ауруханалардың өзінде акушер, гинекология, офтальмология және т.б. сала мамандандары жұмыс істейді. Ол клиникалар қызмет тұтынушыларға өте тиімді ұсыныстар тағайындайтындығымен әлемге танымал болып та үлгерген.


Сингапур

Сингапур қаржыландыру тиімділігі мен халық денсаулығының сапасы тұрғысынан әлемдегі ең табысты денсаулық сақтау жүйесіне ие. Ондағы қарт адамдарды күту бойынша мамандандырылған клиникалардың саны жыл сайын дамылсыз өсуде. Соның нәтижесінде, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Сингапурдағы орташа өмір сүру ұзақтығы 85 жылға жеткен.


Жапония

2019 жылғы әлемдік статистика бойынша Жапония халқының өмір сүру ұзақтығы 85.5 жылға жетіп, көш басына шыққан. Елдегі денсаулық сақтау жүйесі әлемдегі үздіктердің бірі болғанымен медициналық зерттеулер ақылы түрде жүреді екен.

Сондай-ақ, бұл елдегі әрбір азаматта медициналық сақтандыру болуы тиіс. Бұл сақтандыру адамдарға медициналық қызметтерге қызмет құнының 30 пайызынан артық төлемейтініне кепілдік береді. Ал адамдар клиникалар мен ауруханаларды өз қалауы бойынша қандай да бір тіркеусіз таңдай алады.

Негізі Жапонияда әмбебап дәрігерлер жоқ. Әр дәрігер өзінің ісімен ғана айналысады, тиісінше қызметі де сапалы болады. Сонымен қоса, мемлекет медицинасы техникалық жабдықтарды үнемі жетілдіріп отырады және пациенттерді жаңа тәсілдермен емдейтінімен әлемге танымал.


Жалпы, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын ол ізде» деген сөз бекер айтылмаған. Қазіргі қиын қыстау кезеңде әр адам өз денсаулығына сақ болғаны абзал.


Дайындаған: Б.Ерман,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУСҚА дейін: Ең қауіпті індеттер ҚАЙДАН шықты?


Ұлыстың Ұлы күнін ҚАЙ ЕЛ ҚАЛАЙ атап өтеді?