Көктем келіп, үй-жайдың ауласын ретке келтіріп болған соң кез келген адамның жаны демалысты қалайды. Дегенмен, әркім әртүрлі нәрседен рахаттанады. Ал, Сіз сәуір айында қайда саяхаттап, қалай демалған дұрыс деп ойлайсыз?
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Сәуір айында шаңғымен сырғанауға, тауға шығуға, қызғалдақ теруге және түрлі мерекелерді атап өтуге немесе басқа да жағдайларда демалуға болады. Сондай-ақ, саяхаттан ләззат алатындарда да мол таңдау болады. Ал, біз осы мақалада ең ыңғайлы әрі қолайлы ұсыныстарды жаздық.
Тайланд: жаңа жыл және теңіз
Сәуір айында Таиландқа саяхаттау арзанға түседі әрі Тай жаңа жылы мерекесінің үстінен түсесіз. Бұл – ыстық маусымның аяқталып, жаңбырлы маусымның басталуын білдіретін отбасылық буддистік мереке. Осы күндері көшеде әр жастағы және әртүрлі ұлттың адамдары бір-біріне су шашып, ақ сазбалшық жағысады. Фестиваль сәуірдің ортасынан аяғына дейін жалғасады.
Ал ауа райы әдетте ыстық — 30-35 °С, теңіз суы шамамен +30 °С болады және таңертең немесе түнде жаңбыр жауады. Сондай-ақ, саяхаттың қызықты өтуіне ыстық су аттракциондары, аквапарктер, су шаңғысымен сырғанау және катамарандар көмектеседі.
Мальдив: жағажай мен дайвинг (суасты саяхаты)
Жағажай демалысын немесе дайвинг пен серфингті қалайтындар сәуірде Мальдивке бару керек, өйткені мұнда теңізде (+25 °C) және жағалауда(+29 °C) қолайлы ауа температурасы орнығады. Кейде қысқа мерзімді жауын-шашын болуы мүмкін.
Мұнда әдемі тропикалық табиғат пен түрлі бояуларға бай суасты әлемін көру үшін туристер көптеп келеді, сондай-ақ, Мальдив қазан айына дейін «серферлер жұмағына» айналады. Жалғыз кемшілігі — жолдамалардың қымбат болуы.
Италия: Пасха және шарап
Егер көктемнің салқын самалды күндерін қаласаңыз, Италияға бару керек. Онда осы уақытта күн райы бір қалыпқа келеді. Оған қоса маусымаралық шопинг жасауға, мұражайлар мен Верондағы VinItaly итальяндық шараптарының көрмесіне баруға болады және осы кезде туристерге ең үздік шарапшылар арнайы қызмет жасайды.
Сонымен қатар, сәуір айында итальяндықтар Пасханы (20 сәуір) және фашизмнен азат ету күнін (25 сәуір), Венецияда Әулие Марка күнін (25 сәуір), ал Римде — қала күнін (21 Сәуір) кеңінен тойлайды. Тиісінше, адам толы көшелерде мерекелік шерулер мен іс-шаралар өтеді. Бірақ, бұл күндері туристерде көлікпен жүру, дүкендер мен мұражайларға бару барысында мәселелер туындауы мүмкін, себебі олар мерекелік кесте бойынша жұмыс істейді. Алайда, осы жағдайлар итальяндықтардың ең басты мерекелерін көруге және оларға қатысуға жақсы мүмкіндік туындатады.
Вена: спорт және музыка
Сәуірде Австрияның астанасына барып, жыл сайынғы Вена марафонына қатысуға болады. Ал, марафонға қатысушылар «Everybody Waltz!» Вена мемлекеттік операсы, Шенбрунн сарайы сияқты қаланың негізгі көрікті жерлерінің жанынан жүгіріп өтеді, яғни марафон мен саяхатты бір мезгілде қамтуға мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, туристер тек жүгіруге ғана қатысып қоймай, классикалық музыка концерті, Веналық опера, Веналық блюз көктемгі фестивалінің концерттері (20 наурыз — 30 сәуір) немесе Sound:frame электрондық музыкалар фестиваліне де барып, жергілікті мәдениетпен таныса алады.
Непал: жаяу саяхат пен рәсімдер
Сәуір – Непалдың гүлдену кезеңі және Гималайға жаяу саяхат жасау үшін ең жақсы уақыт. Температура +27 °C шамасында сақталады, бірақ тауға өрлеген сайын суық бола береді.
Сондай-ақ, осы уақытта Непалға бүкіл әлемнен тау жорықтарын сүйетіндер ағылып келеді және сәуір айының ортасында тұрғындар жергілікті жаңа жылды кеңінен атап өтеді.
Альпі: шаңғымен қоштасу
Егер Сіз қыста тау шаңғысына бара алмай қалған болсаңыз, оны көктемде биік таулы альпілік курорттардың бірінде орындауға болады. Сәуір – сырғанау үшін ең жақсы уақыт: әдемі қар, шаңғышылар аз, күн ұзақ және ашық. Мысалы, сәуір айында австриялық Ишгль деген курорт жұмыс істейді екен. Онда тек сырғанауға ғана емес, сонымен қатар жарыстарға қатысуға, Халықаралық аспаздардың тағамдарының дәмін татуға, жергілікті жұлдыздардың өнерін тамашалауға және ашық аспан астында Пасханы қарсы алуға болады.
Сәуірдегі саяхатты қызықты ететін оқиғалар
• 13-20 сәуір Лондондағы Hilton London Metropole атты ирландиялық биден әлем чемпионаты
• 19-21 сәуір Қытайдағы әуе жыландары (шарлары) фестивалі
• Сәуір бойы (29 наурыз — 11 мамыр) швейцариялық Морж қаласындағы қызғалдақтар фестивалі. Туристер 120 000-нан астам қызғалдақтың 300 сортын көре алады
• Сәуір бойы Лояндағы пиондар фестивалі (Қытай)
• 19 сәуір мен 11 мамыр аралығында Мексикадағы Агуаскальентес қаласында қасиетті Марка фестивалі өтеді
• 26 сәуір Нидерландыдағы патшайымның күні
Дайындаған: Б.Ерман,
Тағы оқыңыз:
Шымкентке келген қонақтарға қаланың қай жерін көрсетер едіңіз?
Бізден бұрын Жер бетінде кімдер өмір сүрген? Ғалымдарды таңқалдырған жәдігерлер - ФОТО