Саяхатқа шығатын адамдардың ЕҢ ЖИІ жасайтын 5 ҚАТЕЛІГІ

0
3 550

Бұл қателіктер демалыстың күл-паршасын шығаруы мүмкін.


Саяхатқа шығатын адамдардың ЕҢ ЖИІ жасайтын 5 ҚАТЕЛІГІ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Көптеген адам демалыс ұйымдастыратын кезде кейбір қателіктерге жиі бой алдырады. Ал тәжірибелі туристер мен мамандар демалысты жоспарлау кезінде бұл мәселеге аса жауапкершілікпен қарайды. Себебі, сіз жіберген бір қателіктің өзі демалыстың дұрыс өтуіне кедергі келтіруі әбден ықтимал. Бұл – әбден сараланып, дәлелденген тұжырым. Сондықтан, демалысты естен кетпестей етіп өткізу үшін біз айтқан қателіктерге жол бермегеніңіз абзал.


№1 қателік. Ауа-райының қолайсыздығы

Саяхатқа шығардан бұрын адам бәрін ұсақ-түйекке дейін ойластырған сияқты болады. Бірақ демалысқа келгеннен кейін, мысалы жағажайлы аймақта бірнеше күн бойы жаңбыр жауып, биік толқындар тіпті жағалауға жақындайға мүмкіндік бермейді. Ал, мұндай қолайсыздыққа қалай жол бермеуге болады? Әрине, ең бастысы – демалыс орны мен уақытын дұрыс сәйкестендіру. Оны қазіргі дамыған ақпараттық технология арқылы анықтауға болады.


Сондай-ақ, жағдайды туристік агенттіктер сияқты бақылау қажет. Мысалы, олар демалыс орнына баратын уақыттағы ауа-райының жайсыздықтары туралы біле отырып, туристерге қоңырау шалып отырады. Белгілі бір уақыт аралығында температура, толқын, жауын-шашын, жел, белгілі бір жердегі жалпы жайлылық деңгейі туралы білуге тырысады. Сіз де осылай істеуге тырысып, не болып жатқанын нақты болжай алсаңыз, аталған қолайсыздықтан сақтана аласыз.


№2 қателік. Нашар қонақүй

Адамдардың басым бөлігі қонақүйлердің сапасы жұлдыздар саны бойынша бағаланатынын біледі. Яғни, 1 жұлдыздан 5 жұлдызға дейін. Бірақ, кейде әсіресе, бюджеттік билеттерге енетін 5 жұлдызды қонақүйлер үмітті мүлдем ақтамай қалатын жағдайлар болады. Тіпті, қонақүй қызметкерлері пікірді өздері жазу сынды айла-тәсілдерді қолданса, бұл жағдайды қонақүй жайлы жазылған пікірлерден де аңғара алмай қаласыз.

Сондықтан, мұндай жағдайға ұшырамас үшін турагенттіктердің көмегіне жүгінуге немесе демалыс ұйымдастыруды толықтай соларға тапсыруға болады. Өйткені, олар әр елдегі қонақүйлердің жағдайын өз көздерімен көріп, өзге де турагенттіктермен пікір алмасып, барынша жағдай жасап отырады. Оның ішінде «иесі кім, қашан жөндеуден өткен, жайлылығы қандай, туристерді алдамай ма?» - деген сұрақтардың жауабын қамтиды.


№3 қателік. Орынды дұрыс таңдамау

Туристердің басты қателігі – жайсыз, жақын маңнан басқа таңдау табылмайтын орынды таңдау. Мұндай кезде саяттаған адам демалыс орнынан мезі болып, қайтатын күннің ертерек келуін тілеп кетеді. Екінші мәселе – сіз қоныстанған қонақ үйдің жанында түнгі клуб орналасуы. Себебі, дауысы қатты музыка мен түнгі көңіл көтерушілер сізге демалуға және уақытты жақсы өткізуге мүмкіндік бермейді.

Сондықтан өткізген уақыт пен жұмасаған ақшаға өкінбеу үшін таңдаған орынның орналасуын, мүмкіндіктерін, экскурсиялық бағыттарын және басқа да қыр-сырын егжей-тегжейлі зерттеу керек. Бұл мәліметтер кез келген демалушы үшін өте қымбат.

№4 қателік. Тамақтану

Егер сіз Түркияға баратын болсаңыз, бұл елде қандай тамақтар жеу керек екенін жобалап білесіз. Бірақ, басқа туристік бағыттарға келгенде ойлануға тура келеді. Мысалы, Мексика немесе Испанияға баратын болсаңыз, бұл елдерде тамақтану қалай болатынын болжау қиын. Мұндай жағдайда тәжірибелі туристер ме турагенттіктердің пікіріне сүйенген абзал. Олар өз парақшалары мен сайттарына қонақүйде тамақтану қанша тұратынын және бұл турист үшін қаншалықты тиімді екенін жариялап жатады.


№5 қателік. Туроператорды таңдау

Саяхат ұйымдастыруға қабілетсіз туристік агенттіктер мынандай қателіктер жібереді: ұшудың кешігуі, күнді өзгерту, бастапқыда келісілген қонақүйге қоныстанбау. Бұл қиындықтардың бір бөлігі ғана.

Сондықтан, кез келген адам демалысты жоспарлаған кезде еліміздегі ең мықты туроператорларды таңдағаны дұрыс.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Көшесінде бірде-бір ҚОҚЫС ЖӘШІГІ ЖОҚ ел


Әлемнің МИСТИКАҒА ТОЛЫ, ЖҰМБАҚ жерлері