Швейцария барған адам 24 сағаттың ішінде 6 ЕЛГЕ САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

0
3 269

Көлік жүйесі өте жақсы дамыған.


Швейцария барған адам 24 сағаттың ішінде 6 ЕЛГЕ САЯХАТТАЙ АЛАДЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Швейцария – барлық жағынан құрлықпен қоршалған, әлемдегі ең тиімді және дамыған көлік жүйесімен танымал ел. Бұл елге саяхаттаған адам қысқа уақыт ішінде бірнеше көрші елдерге бара алады. Тіпті, бір тәуліктің ішінде осы Швейцарияның қалаларына бару арқылы 5 елге саяхаттауға болады.


Цюрих, Швейцария – Вадуц, Лихтенштейн

Швейцариядағы демалысты қайдан бастау керек? Әрине, Цюрих қаласынан. Швейцарияның солтүстігінде орналасқан бұл қала Германия шекарасына жақын орналасқан. Сонымен бірге, көршілес Лихтенштейннің астанасы Вадуц қаласына жету де қиын болмайды. Көлікпен немесе пойызбен небәрі 1 сағат 20 минутта бара аласыз. Цюрихке барған адамдар көбіне швейцариялық сары май нанына сұүйсініп жатады. Сосын, қаладағы ең танымал Хаусамман наубайханасына барып, Цюрих университетіне дейін жаяу серуендейді. Ол жолда сіз сәулеті ғаламат ғимараттарды, сондай-ақ орманды Утлиберг тауының етегіндегі қала көрінісін тамашалай аласыз. Цюрихтің танымал MCCAFE кофехана желісінен кофе алып, ескі қаланы аралай өтіп, Лиммат өзенінің бойымен серуендеуге болады.

Одан әрмен Вадуцқа барсаңыз, елдің тарихы мен мұрасын білу қаламен аттас сарайға, Лихтенштейн өнер мұражайына немесе Ұлттық мұражайға баруды ұмытпаңыз.



Базель, Швейцария – Фрайбург-им-Брайсгау, Германия

Базель – Швейцарияның мәдени жүрегі және Германияға барғысы келетіндер үшін тамаша бағыт. Бұл қаланың маңында Германияның оңтүстік-батысындағы Фрайбург-им-Брайсгау деп аталатын ежелгі ортағасырлық қала орналасқан. Оған көлік немесе пойызбен 40 минутта жете аласыз. Мүмкін болса, Базельге сапарыңызды маусым айында өтетін әлемге әйгілі жыл сайынғы ART Basel өнер жәрмеңкесіне туралаңыз. Дегенмен, фестиваль болмаса да, қалада басқа да қызықты, көркем мәдени нысандар мен көрікті жерлер жеткілікті. Мәселен, мұнда Пикассоның жұмыстары мен Миро мүсіндерін сақтайтын Бейелер қоры және мүсінші жан Танглидің таңғажайып туындылары бар Тангли мұражайы орналасқан.

Ал, Фрайбург-им-Брайсгауға кез келген уақытта баруға болады. Ондағы тас төселген көшелерімен және тар аллеялармен серуендеп, қаланың ортағасырлық сәулетімен танысуға көңіл бөліңіз.


Женева, Швейцария - Анси, Франция

Женева – Швейцарияның Франция еліне жақын бөлігінде орналасқан және Францияның қақпасы болып саналатын қала. Атап айтқанда, бұл жерден Франциядағы романтикалық Анси қаласына оңай жетуге болады. Женевада БҰҰ штаб-пәтерлерінің бірі және Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы (CERN) орналасқан. Ал, орталығында Леман көлі бар. Батыстан шығысқа қарай судың жағасымен серуендеп, әйгілі Женева субұрқағын көре аласыз. Оның ағындары көлді қоршап тұрған неоклассикалық ғимараттардың фонымен ерекше үйлесім табады. Осы жерден сіз "француз Альпісінің інжу-маржаны" деген атпен танымал Анси қаласына бара аласыз.


Лугано, Швейцария - Комо көлі, Италия

Лугано - Швейцария мен Италия арасындағы табиғаты тамаша, көшелер таза және тағамдары өте дәмді қала. Сонымен қатар, сіз Луганодан Комо көліне барып, екі елмен бірден таныса аласыз. Таулармен қоршалған Лугано көлінің маңынан күннің шығуын тамашалауға болады. Бұл көлдің жағасында бейнелеу, музыка және театр өнері саласындағы көрнекті швейцариялық қайраткерлердің туындыларын көруге болатын Lac мәдениет және өнер орталығы орналасқан.

Өнерге қаныққаннан кейін, көлікке мініп, бір сағаттан кейін сіз итальяндық көл жағасындағы Менаггио қаласында боласыз. Осы жерден жүретін паромдар Комо аймағының ең сәнді виллалары мен әсем бақтары орналасқан көркем Белладжо ауылына апарады.



Сент-Галлен, Швейцария - Брегенц, Австрия

Швейцарияның солтүстік-шығысындағы басты қала Сент-Галлен саяхатшылардың назарынан тыс қалмауы керек. Себебі, бұл елдегі ең әдемі тарихи қала болумен қатар, Австриямен шекарада және Констанс көлінің жағасындағы Брегенц қаласының маңында орналасқан. Күнді Сент-Галленнің ескі қаласын аралап, тас төселген алаңдардағы жартылай ағаш үйлерді тамашалаудан бастаңыз. Бұл үйлердің көпшілігіне сәулет пен дизайнды білетіндерге ұнайтын әшекейленген терезелер орнатылған. Қаланың басты көрікті жерлерінің бірі және рококо сәулетінің үлгісі болып саналатын ортағасырлық Әулие Галлус монастырь-кітапханасымен танысыңыз. Мұнда сіз былғарыдан жасалған кітаптарды көре аласыз.

Сыртқа шыққаннан кейін көлікке отырып, бар болғаны 40 минуттың ішінде Брегенцке бара аласыз. Қала әсем көріністерімен танымал. Сонымен бірге, көл жағасында серуендеп, майлы Констанс ақ балықтарын жей аласыз.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Ежелгі викингтер қаласы саяхатшыларға не ұсынады?


Қыста ЖАЗДАҒЫДАЙ демалыс сыйлайтын ЕҢ АРЗАН бағыттар