15 жастағы өгей қызын жүкті етіп қойған шымкенттік ер адам сотталды

0
1 205

Ерлі-зайыптылардың отбасында ортақ үш баласы өмірге келген.


15 жастағы өгей қызын жүкті етіп қойған шымкенттік ер адам сотталды

Шымкентте өгей әкесі 15 жастағы қызды зорлап келген. Жантүршіктірерлік жағдай жасөспірімнің аяғы ауырлап қалған жасап соң белгілі болған деп хабарлайды ERNUR.KZ KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Сот процесі барысында ер адамның бұрынғы некесінен кәмелетке толмаған қызы бар әйелге үйленгені белгілі болды.

Ерлі-зайыптылардың отбасында ортақ үш баласы өмірге келген. Алайда 2019 жылы әйелінің жоқтығын пайдаланған өгей әке 15 жастағы қызды зорлаған.

Зардап шегуші масқара болудан әрі ер адамнан қорқып, болған оқиғаны бірден айта алмапты. Алайда жантүршігерлік жағдайдан соң жас қыз жүкті болып қалған.

Көрген зорлығын анасына айтып берген соң әйел полицияға арыз жазған. Ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол кінәсін тек жартылай мойындапты.

Шымкенттің мамандандырылған ауданарлық қылмыстық соты істі толық зерттеп, айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 120 бабы, 3 бөлімі, 3 тармағы бойынша кінәлі деп таныған.

Сотталушы енді алдағы он жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Ол жазасын қауіптілігі жоғары, қатаң режимдегі колоноияда өтейтін болады.

"Сотталушы апелляциялық шағым жасады. Алайда Шымкент қаласы қылмыстық істер бойынша алқабилері үкімді бастапқы күйінде, өзгеріссіз қалдырды", - деді мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты.