​2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА ӨТКІЗІЛЕДІ

0
66

21 қараша күні сағат 11.00-де қала аумағында электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа жеткізу болып табылады.


​2024-2025 ЖЫЛДАРДАҒЫ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ: ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ӘЛЕУМЕТТІК НЫСАНДАРДА ӨТКІЗІЛЕДІ

Көктемгі жаңбыр салдарынан Шымкент қаласында зардап шеккен екі жеке тұрғын үйдің жылу беру маусымына дайындығы тексерілді.

Тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін кешенді үгіт-насихат іс-шараларының жоспары дайындалып, осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

2024-2025 жылдардағы жылу беру кезеңінде тұрғын үй секторларында өрттер мен улы газдан болатын қайтыс болу оқиғаларын алдын алу үшін арнайы жоспар құрылды. Жоспар бойынша, алкогольдік ішімдіктер бойынша есепке алынған адамдардың тізімі жасақталды, ал өрт орын алған аймақтарда үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Лэд экрандарда «Өрт қауіпсіздігі талаптары» және «Улы газдан уланудың алдын алу» тақырыптарында видеороликтер көрсетілді.
Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті алдағы уақытта өрт профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жалғастыратынын хабарлайды.

Сонымен қатар, 2024 жылғы 21 және 22 қараша аралығында елімізде «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Оқу-жаттығуды басқару штабы Ақмола облысының Көкшетау қаласында орналасқан. Бұл оқу-жаттығу азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының қысқы кезеңдегі ықтимал төтенше жағдайларды жоюға дайындығын тексеру және одан әрі жетілдіру мақсатында ұйымдастырылуда.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласында практикалық іс-шаралар өткізіліп, іс-қимылдар пысықталады. Атап айтқанда, 21 қараша күні сағат 11.00-де қала аумағында электр дабылдарын іске қосумен құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізіледі. Бұл іс-шараның мақсаты – «Баршаның назарына!» бірыңғай ескерту сигналына әрекет ету тәртібін халыққа жеткізу болып табылады.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Құлақтандыру жүйесі іске қосылған кезде және оқу-жаттығу барысында сабыр сақтап, дүрбелеңге жол бермеуді сұраймыз.

Бөлісу