​АӘК ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

0
8

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 12 482 азамат жұмысқа жарамды. Оның ішінде өтініш берген кезде 7 369 азаматтың жұмысы бар. АӘК-ке өтініш берген отбасылардан жұмысқа жарамды 436 тұрғынды нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды.


​АӘК ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек отбасының әрбір мүшесіне кедейлік шегінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар азаматтарға тағайындалады.

Көмектің бұл түрі ұзақ мерзімді емес екенін, қазіргі АӘК алатын отбасылардың табысы жан басына шаққанда кедейшілік шегінен асқанға дейін уақытша төленетінін ескерген жөн.
Биыл Шымкентте 10 айдың қорытындысымен 8 511 отбасындағы 44 342 адамға атаулы әлеуметтік төлем жасалды. Қаламыздағы халықты жұмыспен қамту шараларының нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 29,7 пайызға азайып отыр. Мәселен 2023 жылдың 10 айында 12 108 отбасындағы 61 605 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған болатын.
Ал, 1-6 жас аралығындағы балаларға 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 теңге) көмекті есепті кезеңіде 7 608 отбасындағы 14 907 бала үшін төлініп жатыр.
Айта кететін бір жайт, көмектің бұл түрін алушы отбасы саны кеміген. Яғни, 2023 жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленіп, осы жылмен салыстырғанда 28 пайызға төмендеген.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 2024 жылдың ІІI тоқсанына орта есеппен 36 637 теңге болып белгіленді. Осылайша, бір адамға (отбасына) келетін МАӘК-тің мөлшері жан басына шаққандағы орташа кіріс пен әр мүшесіне негізделген белгіленген кедейлік шегінің арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 12 482 азамат жұмысқа жарамды. Оның ішінде өтініш берген кезде 7 369 азаматтың жұмысы бар. АӘК-ке өтініш берген отбасылардан жұмысқа жарамды 436 тұрғынды нәтижелі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Атап айтқанда, 265 адам тұрақты жұмыс орындарына, 48-і қоғамдық жұмыстарға, 15 адамды жастар практикасына, 17 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына және 46 адамның кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетілді.

Ақпарат үшін айта кетсек, атаулы әлеуметтік көмек – бұл кедейлік шегінен төмен айлық орта табысымен тұлғаларға (жанұяларға) мемлекет беретін ақша түрінде төлем.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдесіндегі №246 ҚР Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға кедейлік шегінен аспайтын орта жанды кірісі бар отбасылары, Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, шетелдіктер, тұрып қайту рұқсаты бар азаматтығы жоқ тұлғалар және тұрақты Қзақстан Республикасында тұратын азаматтар құқылы.

Кедейлік шегіннен асып кетпеген, орта табысымен тұлғалардың құқықтары бар.

Бір айдан артық стационарлық емделуде жүрген мүгедектерге және оқушылар мен студенттерге, күндізгі оқу бөлімінің тыңдаушыларына, соның ішінде магистратура мен аспирантура, сондай-ақ 1 және 2 топ мүгедектерін, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды күтетін азаматтарға тағайындалады.

Бөлісу