Анасы мен атасын өлтірген шымкенттікке сот үкімі шықты

0
1 206

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болды.


Анасы мен атасын өлтірген шымкенттікке сот үкімі шықты

Анасы мен атасын өлтірді деп айыпталған шымкенттік 24 жастағы жігітке қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қалалық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының үкімімен 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын қауіпсіздігі жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болды.

Биылғы сəуір айының 3-нен 4-не қараған түні елді дүрліктірген жаға ұстатар сұмдық жағдай орын алған еді. Туған анасы мен атасын өлтіріп кетті деген хабар жұрттың төбе шашын тұрғызған еді. Қанды оқиғаға нағашы атасы мен жиенінің арасындағы кикілжіңнен басталған көрінеді. Құмар ойындарының құрығына ілігіп, қарызға белшесінен батқан жиен немересіне ақыл айтып, жөнге тартқан атасының сөзі мен шапалағын шыдамаған жігіт асханадан пышақ əкеліп диванда жатқан атасының ішіне бірнеше рет тығып алған. Қаны қарайған 24 жасар сотталушы атасының ішінен, кеудесінен, мойнынан жэалпы 26 пышақ жарақатын салған. Айқай -шуды есітіп ажыратпақ болған анасына да ұлы пышақ сілтеген.
Қорқып кеткен анасы бөлмесіне қашып кетеді. Ашуға əбден булыққан жігіт тоқтамастан анасының да кеуде, жүрек тұсынан жалпы 16 пышақ жарақатын салған. Туғандарын жайратып салған жігіт пышақты жуып, қоқыс жəшігіне тастаған. Одан кейін шомылып, киімін ауыстырып ары қарай ойынханаға барып, құмар ойынан жалғастырған көрінеді.
Үйіне таң ата оралған ол өзін өзі өлтірмек болыпты. Тіпті қарақшылық шабуыл жасағандай етіп, көрсеткісі келген көрінеді. Түске таяу үйіне келген туыстары полицейлерге хабар беріп, қанды, қайғылы оқиға туралы бүкіл ел біледі. Сотқа дейінгі тергеп тексеру кезінде сотталушы бар кіəнəсін толық мойындаған. Қалай, қашан, қайтіп пышақтағанын, суық қаруды содан кейфін қайда қойғанын, қанды оқиғадан кейінгі əрбір іс-əрекетін жазып көрсеткен. Алайда, судьяның айтуынша, сот кезінде сотталушы бастапқы сөзінен бас тартқан. Қанды оқиға кезінде үйде емес, ойынханада болғанын айтқан.
Ойынханадан келген үш куə де оның сөзін қуаттаған. Бірақ куəлер мен сотталушының сөздерінің арасында сəйкестік болмапты. Жауаптары бір біріне сəуес келмегендіктен, судья сын көбен қарап, сотқа дейінгі берілген түсінікті басшылыққа алғанын айтады.
Айта кетейік, үкім əлі заңды күшіне енген жоқ. Бастапқы сот сатысы үкімімен келіспеген жағдайда апелляциялық шағым келтіру құқы бар.