«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»: Шымкентте аналармен кездесу өтті

0
1 221

Аталған кездесудің мақсаты - психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.


«Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас»: Шымкентте аналармен кездесу өтті

Шымкент қаласы Қаратау ауданы «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен «Ана үйі қоғамдық қорында» «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесудің мақсаты - психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға тәрбиелей отырып жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Кездесуге Қазақстан психологтар лигасының мүшесі, ҚР Ассамблеясының республикалық аналар кеңесінің спикері, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы "Әйелдер , және отбасы- демографиялық саясаты" жөніндегі комиссиясының мүшесі Қойшиева Лимана Құттыбекқызы қатысты.