Ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді.
Биыл қазақтың көрнекті ақыны, Халықаралық «Алаш» сыйлығының, «Барыс» және «Парасат» ордендерінің иегері Ханбибі Есенқарақызы 75 жасқа толып отыр.
Осыған орай Шымкентте Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Ханбибі ақынның мерей тойына арналған бірнеше кездесулер өтуде. Соның бірі Ханбибі Есенқарақызымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында сыр сұхбатты айтуға болады.
Жиын барысында зиялы қауым өкілдері ақынның шығармашылығы жайлы өз пікірлерін айтып, лебіз білдірсе, студент жастар ақын шығармашылығынан өлеңдер оқыды. Сонымен қатар кеш иесінің сөзіне жазылған әндер орындалды.
Ақынның шығармашылығы туралы бейне-ролик көрсетілді.
Нақтырақ айтар болсақ, іс-шара барысында Ө.Жәнібеков атындағы ОҚПУ-нің студенттері ақын поэзиясынан көпшілікке рухты сезім сыйлады. Ал, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Құралай Сәтмұханбетова «Алтынай», «Көңілгүл» атты әндерін орындады.
Нәтижесінде, ешкімге ұқсамайтын, өзінің дара қолтаңбасымен ерекшеленетін ақынмен болған сыр-сұхбат көпшілік көңілінде қалатындай өтті.
Өйткені, елдің аузында Хан апа аталып кеткен ақын жеке басының емес, халықтың елдің мұңын жырлайтын ақын. Мысалға, оның «Мен – ақынмын, әйелмін әлемді ойлар, Қоғам дертін сімірген кесемде іркіп. Бай таяғы түк емес, төбемде ойнар, Қоғам дерті жіберді есеңгіртіп»,-деген ақын жырларының барлығы дерлік халықтық сипатқа ие.