Ең үздік жедел уәкіл - көпбалалы әке

0
7

Қызметтегі жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаментінің тарапынан бірнеше рет марапатқа ие болған Даулет Маликұлы ең басты жетістігі – әрдайым өзін қолдайтын отбасы деп біледі.


Ең үздік жедел уәкіл - көпбалалы әке

Жедел уәкілдің қызметі – күнделікті қажырлы еңбек, өз ісіне берік рухы мықты адамдар ғана көтере алатын жауапты да қауіпті жұмыс.

Осы маңызы мол мамандық иесінің бірі Даулет Ермеков. Шымкент қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі.
Азаматтардың қауіпсіздігін сақтау жолында 17 жыл аянбай тер төгіп келе жатқан полицей мегаполистің жедел уәкілдерінің ең үздігі. Осы уақыт аралығында оның жүргізген іздестіру шараларының нәтижесінде жүздеген заңды елемегендердің әрекеті әшкереленіп, қылмыскерлер құрықталған.
– Жедел уәкіл – тергеу жұмыстарының «ең алдыңғы шебінде» жүретін қызметкер. Сондықтан біз әрқашан қауіпті және төтенше жағдайларға дайын болуымыз керек. Бұл үшін үнемі спортпен шұғылданып, физикалық даярлығымызды жетілдіріп жүруге тиіспіз, - дейді полицей.
Тәртіп сақшысы спортта да осал емес, оқ атудан Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Бұдан бөлек, велоспортпен айналысады және тау шыңдарына шығудың әуесқойы.
Қызметтегі жетістіктері үшін Ішкі істер министрлігі мен қалалық полиция департаментінің тарапынан бірнеше рет марапатқа ие болған Даулет Маликұлы ең басты жетістігі – әрдайым өзін қолдайтын отбасы деп біледі. 5 баланың әкесі жұмыс борышына байланысты жанұясының жанында көп бола алмаса да, әрқашан олардың қолдауы мен ыстық ықыласын сезеді.
– Полицияның гвардиясы саналатын біздің қызметте басты міндет – қылмыспен күрес. Ішкі істер органдарына қабылданғалы бері жедел уәкіл қызметін атқарып келе жатқан мен бұл қатарда тек үнемі кәсіби шеберлігін шыңдап жүруге дайын, жанқияр қызметкерлер қалатынын сеніммен айта аламын, - дейді Даулет.
Бөлісу