​ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУ: Солтүстік өңірден келген делегаттар қала тұрғындарымен кездесті

0
288

Делегаттар қоныс аударуға ниеттенген азамттарға мемлекет тарапынан берілетін үйлер, жалдамалы пәтерді субсидиялау және ұтқырлық сертификаты жөнінде түсіндірді.


​ЕРІКТІ ҚОНЫС АУДАРУ: Солтүстік өңірден келген делегаттар қала тұрғындарымен кездесті

Бүгінде Шымкент қаласына Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облысының делегаттары келіп, тұрғындарға ерікті қоныс аударудың тәртібін түсіндіруде.

Делегаттар Забадам, Қаратөбе және Базарқақпа елді мекенінің тұрғындарымен кездесіп, қоныс аудару жөніндегі сұрақтарына жауап берді.

Жұмысшы топтың жетекшісі, Павлодар облысы Еңбек мобильдігі орталығының директоры Меруерт Сейітбекқызы мегаполис тұрғындарына ерікті қоныс аударуға берілетін әлеуметтік көмектер мен солтүстіктегі өңірлердің гоеграфиялық орналасуы, әр аймақтың өзіндік ерекшеліктері туралы баяндап берді.
Тұрғындарды толғандырған ең көп сұрақтың бірі – баспанамен қамту төңірегінде болды. Делегаттар қоныс аударуға ниеттенген азамттарға мемлекет тарапынан берілетін үйлер, жалдамалы пәтерді субсидиялау және ұтқырлық сертификаты жөнінде түсіндірді.
Кездесу барысында делегаттар өңіраралық ерікті түрде қоныс аудару, оған берілетін мемлекеттік көмектер мен жұмыспен қамту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау жөнінде түсіндірілді.

Ерікті түрде қоныс аударуға ниетті азамттар болса, кездесуге қатысып, толғандырған сұрақтарын қойым, тұщымды жауап алды.

Айта кетсек, солтүстік өңірлерге ерікті қоныс аудару жөніндегі жиын бүгін, 21 тамыз күні де жалғасын тапты.
Еске салсақ, Солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасына қатысушы отбасылардың әр мүшесіне 70 АЕК-тен (258 440 теңге) бір реттік төлем жасалады. Қоныс аударушалар баспана алғанға дейінгі бір жыл бойы жалдамалы пәтердің құны да мемлекеттен субсидияланбақ. Бұл субсидияның ауылдық жер мен қала жағдайына байланысты қаржы мөлшерінде ерекшелік бар.
Мәселен, қалада отбасы мүшелері 2-4 адам болса 92 300 теңге төленеді. Ал, ауылдық жерлерде дәл осындай отбасыға 66 456 теңге беріледі. Одан бөлек қоны саударушылар жұмыспен қамту, қысқа мерзімді кәсіптік оқу және микрокредит беру жобалары қаралған.
Бағдарламаға қатысушыларды баспанамен қамтуда «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» қаралған. Яғни, қоныс аударушы жергілікті әкімдік тарапынан берілген баспананы құп көрмеген жағдайда осы сертификатты қолдана алады.
Сертификат бағдарлама қатысушысына тұрғын үй құнының 50 пайыз мөлшерінде, бірақ 4 282 720 теңгеден (1160 АЕК) аспайтын мөлшерде беріледі.

Ерікті қоныс аударуға ниетті қала тұрғындары өзі тіркелген мекен жай бойынша аудандық мансап орталықтарынан толық мәлімет ала алады.

Бөлісу