​ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАРЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР: ШЫМКЕНТТЕ 50-ГЕ ЖУЫҚ ИНТЕРНЕТ СІЛТЕМЕ БҰҒАТТАЛҒАН

0
61

Оқушылар мен кәмелетке толмағандар арасында да есірткі заттарының зияны, оларды қолдану, сақтау және жарнамалау үшін заңды жауапкершілік туралы тұрақты түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатыр.


​ЕСІРТКІ ЖАРНАМАЛАРЫНА ҚАРСЫ ШАРАЛАР: ШЫМКЕНТТЕ 50-ГЕ ЖУЫҚ ИНТЕРНЕТ СІЛТЕМЕ БҰҒАТТАЛҒАН

2024 жылдың 9 айында Шымкент қаласында есірткі заттарын жарнамалайтын және сатумен айналысатын 50-ге жуық ғаламтор сілтемесі анықталып, «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, бұғатталды. Тексеру нәтижесінде 10 жарнама түрі бойынша қылмыстық істер тіркелген.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Нашақорлыққа қарсы күрес шеңберінде қала прокуратурасымен атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясында Шымкент қаласы прокурорының орынбасары Марат Ержан Маратұлы және Шымкент қаласы полиция Департаменті басшының орынбасары Бейсенбиев Арман-Арун Рашидұлы мәлімдеді.

Спикерлердің сөзінше, 21 тамызда Тұран ауданында бірқатар ғимарат қабырғаларына есірткі сатуға қатысты жарнамалар жазылғаны анықталып, бұл факті бойынша ҚК-тің 299-1-бабымен қылмыстық іс қозғалған. Жергілікті полиция тергеу жұмыстарын жалғастыруда, ал күдікті тұлғаларды анықтау үшін шаралар қабылдануда.
Қала тұрғындарымен бірлесіп, есірткі жарнамалары бар қабырғалар сырланып, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен кездесу барысында есірткінің зияны мен заңсыз әрекеттердің салдары туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, бұл шараларға қазақстандық танымал әртістер мен қоғам қайраткерлері, атап айтқанда «Мұзарт» тобының әншілері Сәкен Майғазиев пен Кенжебек Жанабілов, Нұрлан Өнербаев, Серік Ибрагимов, «Alldavay» тобының солисті Шоқан Маратұлы өз қолдауын білдірді. Олар өздерінің әлеуметтік желілерінде есірткіге қарсы профилактикалық шараларға қатысып, ақпарат таратқан.
Оқушылар мен кәмелетке толмағандар арасында да есірткі заттарының зияны, оларды қолдану, сақтау және жарнамалау үшін заңды жауапкершілік туралы тұрақты түсіндіру шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Бөлісу