Қашып кеткен шымкенттік олигархтың ұлы сот алдында жауап берді

0
922

Асылжан Жамалбеков 437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.


Қашып кеткен шымкенттік олигархтың ұлы сот алдында жауап берді

Шымкентте Әл-Фараби аудандық сотында Жұмыспен қамту орталығының бұрынғы директоры, Түркістан облысы мәслихатының депутаты әрі жергілікті олигархтың ұлына қатысты сот тыңдалымы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ KAZ.NUR.KZ.сілтеме жасап.

Жамалбековқа Қылмыстық кодекстің 371 бабы, 2 бөлімінде (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соқтырған салғырттық) көрсетілген қылмысты жасады деген айып тағылған.

Алдын ала отырыста төрағалық етуші судья Мадияр Әбдірасілов бұл іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуға немесе тоқтата тұруға себеп болатын жағдайлар жоқ екенін анықтаған.

Айыптау актісінің көшірмесі айыпталушыға уақытылы берілген.

Сотталушыға қатысты "үй қамауында ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы дұрыс таңдалған және оны жоюға немесе өзгертуге негіз жоқ.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 67-бабына сәйкес, істе сот тағайындайтын айыпталушының қорғаушысы міндетті түрде қатысуы қарастырылған.

Сот ашық деп жарияланған, тыңдалым қазақ тілінде өтті.

Еске сала кетсек, Халықты жұмыспен қамту орталығының басшысы болған Асылжан Жамалбеков ұйымдасқан топ құрып, мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Ал, 2018 жылы олигархтың ұлына халықаралық іздеу жарияланған. Және ол өз еркімен қалалық Полицияға келген болатын.

Асылжан Жамалбеков 437 млн теңгеден астам ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.