​Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының Тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары Шымкент қаласының құрылыс салушыларына таныстырылды

0
257


​Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының  Тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары  Шымкент қаласының құрылыс салушыларына таныстырылды

«Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ өкілдері - Бірыңғай оператор, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен тұрғын үй құрылысын қолдау құралдарымен, оның ішінде үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың кредиттерін субсидиялау тетіктерімен танысу мақсатында өңірдің құрылыс салушыларымен кездесті.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде үлескерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, объектілер құрылысының аяқталуына кепілдік беру Компания қызметіндегі басты міндет болып табылады.
Қазіргі уақытта Компания Бірыңғай оператордың кепілдігін алу үшін рәсімдерді жеңілдету және кедергілерді азайту бойынша шаралар қабылдады. Өтінімдерді қарау рәсімдері толығымен автоматтандырылған, заңнамада көзделген шарттардың барлық түрлерін онлайн режимінде (www.homeportal.kz) жасауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, құрылыс салушыларға ҚТК кепілдігі және үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты бар Шымкент қаласында салынып жатқан объектілер туралы ақпарат берілді.
«Шымкент қаласы тұрғын үй құрылысы нарығының өсу әлеуеті зор, еліміздің қарқынды дамып келе жатқан қалаларының бірі болып табылады. Қазақстандық тұрғын үй компаниясы Шымкент қаласында объектілердің құрылысын аяқтауға барлығы 23 кепілдік берді. 18 объект сәтті аяқталып, пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта 5 құрылыс салушының ҚТК кепілдігі бар. Естеріңізге сала кетейін, «ASYL TAS» ТК бойынша ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде кепілдік жағдайы жарияланды.
Көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кепілдігін беру туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау мақсатында Компания тиісті іс-шараларға кірісті, «ASYL TAS» ТК үлескерлерімен кездесу өткізілді. Компанияның осы объектінің құрылысын аяқтау үшін қажетті қаражаты толық көлемде бар», - деп атап өтті «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алтай Куздибаев.
Өз кезегінде жергілікті атқарушы органның және екінші деңгейлі банктердің өкілдері құрылысқа рұқсат беру, ипотекалық өнімдерді берудің жергілікті жерде жүзеге асырылып жатқан рәсімдері туралы ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ Қазақстан тұрғын үй компаниясы үлестік тұрғын үй құрылысына кепілдік беру, құрылыс салушылардың несиелерін субсидиялау тетіктерін іске асыруға көмек көрсету мүмкіндіктерін талқылады.
Жалпы, 2016 жылдан бастап Компания 1,2 трлн теңгеге құрылысты аяқтауға 240-тан астам кепілдік берді. Бұл шара ел бойынша 67 мың үлескердің қаражатын қорғауға мүмкіндік берді.
Компания әзірлеген «Тұрғын үй порталы» ақпараттық жүйесі (homeportal.kz), үлескерлердің қаражатын тартуға Компанияның тиісті рұқсаты немесе кепілдігі бар Қазақстандағы үлестік құрылыстың барлық объектілері туралы толық ақпарат береді.
Үлестік құрылысқа қатысқан және күмәнді жобаларға инвестицияларды болдырмау үшін азаматтар құрылыс салушы туралы ақпаратты мұқият зерделеуі қажет.
Бөлісу