Руслан Жанпейісов енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, бостандыққа шықты

0
2 258

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа үндеу жасады.


Руслан Жанпейісов енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, бостандыққа шықты

Белгілі қоғам белсендісі шымкенттік Руслан Жанпейісов бостандыққа шықты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ол ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа жасаған үндеуінде енді полицейлер туралы видео түсірмеуге уәде беріп, кешірім сұрады.

"Соңғы жеті жылда мен Қазақстан полициясының жұмысын жақсартуға үлесім қосуға тырыстым. Видеосюжеттер мен үндеулер жасау барысында мен полицейлердің жұмысын сынға алдым. Себебі олар қателер жіберді. (...) Бірақ мені ешкім тыңдаған да жоқ, түсінген де жоқ", - деді қоғам белсендісі.