Кездесуде Ғабит Сыздықбеков қаланың инвестициялық әлеуеті туралы айтты.
Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Шымкентке жұмыс сапарымен келген Малайзияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохд Адли Бин Абдулламен кездесті.
Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқыланды.
Жылы кездесу нәтижесінде екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында тығыз байланыста болу туралы келісімге келді.