​ШЫМКЕНТ: Абай ауданында «Стандарт» индустриалды аймағы салынып жатыр

0
651

30 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталғанда 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады.


​ШЫМКЕНТ: Абай ауданында «Стандарт» индустриалды аймағы салынып жатыр

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Абай ауданында «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мемлекет басшысы жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осыған орай «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырландырылады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы метр қойма алаңдарын салу жоспарланған.

30 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталғанда 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда аудандағы ірі және орта кәсіпорындар саны – 33.

Абай ауданының аумағы 49 704 гектар, халық саны 322 911 адамды құрайды. Аудан аумағында 34 шағын аудандар мен елді мекендер орналасқан. Оның ішінде 453 көп қабатты үй, 258 аула мен 2 саябақ бар.

Абай ауданына 2017 жылы 22,6 миллиард теңге бөлінсе, 2022 жылы барлық сала бойынша 110,8 млрд теңге бөлінген. Яғни 5 жыл ішінде 24 есеге көбейген.

Сала бойынша талдағанда:
- Ауыз суға 2017 жылы – 280 миллион теңге; 2022 жылы 5,2 миллиард теңге;
- Электрге 2017 жылы – 864 миллион теңге; 2022 жылы 5,2 миллиард теңге;
- Табиғи газға 2017 жылы – 106,4 миллион теңге; 2022 жылы 5,3 миллиард теңге;
- Кәріз жүйесіне – 2017 жылы – 1,1 миллиард теңге; 2022 жылы 1,4 миллиард теңге;
- Абаттандыруға – 2017 жылы – 100 миллион теңге; 2022 жылы 956,1 миллион теңге;
- Жолға – 2017 жылы – 1,7 миллиард теңге; 2022 жылы 2,4 миллиард теңге;
- Жарықтандыруға – 2017 жылы – 91 миллион теңге; 2022 жылы 5 миллиард теңге;
- Санитарлық тазалыққа – 2017 жылы – 186 миллион теңге; 2022 жылы 2,6 миллиард теңге;
- Әлеуметтік салаға – 2017 жылы – 18,1 миллиард теңге; 2022 жылы 75,3 миллиард теңге.
2022 жылдың 6 айында өнеркәсіп саласы 56,8 миллиард теңге, инвестиция көлемі 32,7 миллиард теңгеге жетті.