ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық спорт алаңшасы салынады

0
345

Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 30-ға жуық спорт алаңшасы салынады

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашық спорт алаңшаларының 4-і меценат Серік Түлбасовтің жеке қоры есебінен салынып жатса, қалған 25-і бюджет қаржысынан салынатын болады.
Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» шағын ауданы, №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады.