ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында өзекті мәселелер талқыланды

0
304

Кездесуде тұрғындар көлік тұрағын кеңейту, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында үйлерді жөндеу, жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне қою, жылу жүйелерін жөндеу және ирригациялық жүйелердің қызметіне қатысты мәселелер туралы айтты


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында өзекті мәселелер талқыланды

Шымкентте қала басшысының тұрғындарымен көшпелі кездесуі Әл-Фараби ауданында жалғасын тапты.

«Күншығыс», «Ескі қалашық», «Химфарм», “16-шы” шағынауданы, Жандосов, Жібек Жолы және Иляев көшелерінің тұрғындарымен өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, көше мен аулаларды абаттандыру, көгалдандыру, жасыл желекті суару, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын салу сияқты маңызды проблемалар көтерілді.
Әкім өз кезегінде, көше мен аулаларды жарықтандыру және абаттандыру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүруін қамтамасыз етудегі басты бағыт екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды тұрғындардың пікірі мен ұсыныстарын ескере отырып, әрі қарай да жалғастыратынын айтты.
Сонымен қатар, шымкенттіктер көлік тұрағын кеңейту, тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы аясында үйлерді жөндеу, жер телімдерін заңдастыру, тұрғын үй кезегіне қою, жылу жүйелерін жөндеу және ирригациялық жүйелердің қызметіне қатысты мәселелер туралы айтты.
Кездесу барысында тұрғын үйлердің күтімін, жөндеу жұмыстарын және ортақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында міндетті түрде меншік иелерінің бірлестігін (МИБ) құру қажеттігін де атап өтті.
Сонымен қатар, сындарлы диалогқа уақыт тапқан тұрғындарға алғысын білдіріп, жиынға келген азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін Ғабит Сыздықбеков көшпелі кездесу барысында Абай ауданының «Самал-2», «Шұғыла», «Ынтымақ-2», «Қызылжар», «Жайлау» және «Алтынтөбе» шағынаудандарының тұрғындарымен жүздескен болатын. Кездесу барысында тұрғындар жер қатынастары, балалар алаңдарын салу, бейнебақылау камералары мен көше жарығын орнату, жолды асфальттау және кеңейту, қоғамдық көлік жұмысы мен кәріз жүйесін тарту секілді маңызды мәселелерді көтерген еді.

Бөлісу