ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында тұрғын үй аулаларын абаттандыру мен демалыс орындарын ұлғайту көзделген

0
82

Аудан инфрақұрылымы толыққанды, ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында тұрғын үй аулаларын абаттандыру мен демалыс орындарын ұлғайту көзделген

Үшінші мегополистегі Әл-Фараби ауданының әкімі өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясын өткізді.

Шымкент қаласындағы Әл-Фараби ауданының аумағы 19 880 гектарды құрайды, халық саны 234 857 адамды құрайды. Аудан әкімінің мәліметінше, ауданда 928 көпқабатты тұрғын үй 623 аулаға біріктірілген, 16 633 жеке үй, 6 саябақ, 16 гүлзар, 20 ескерткіш және 12 субұрқақ бар.

Бұл туралы бүгін брифингте Әл-Фараби ауданының әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы баяндады.

Аудан инфрақұрылымы толыққанды, ауыз су, табиғи газ және электр жарығымен 100% қамтылған.
Ал «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 2024 жылы 70 көпқабатты тұрғын үйдің аулаларын абаттандыру және балалар ойын, спорт алаңшаларын орнату үшін 1 миллиард 717 миллион 971 мың 510 теңге бөлінді.
Халық қатысатын бюджет жобасы шеңберінде 66 балалар ойын және 4 спорт алаңшасы орнату жұмыстары жүргізілуде. 2024 жылдың соңында абаттандыру деңгейі 78,3%-ға жетіп, 2025-26 жылдары 100%-ға жеткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, аудан тұрғындарына демалыс орындарын ұлғайту мақсатында 2024 жылы 3 гүлзар салу жобасы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл атқарылып жатқан жұмыстар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын айтты аудан әкімі Мыңбаев Рашид Мамытұлы.

Еске салсақ, аудан әкімінің айтуынша, биылғы жылы бюджеттен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62%-ға жеткізу көзделуде екендігін де айта өтті.

Бөлісу