ШЫМКЕНТ: «Асыл-жүрек» орталығы зейнеткерлерді тұзды шахта арқылы емдейді

0
1 052

Қызмет алушылар алдымен толық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда дәрігердің шешімімен 5-10 күндік курс ретінде тұзды шахтаның көмегімен ем қабылдайды.


ШЫМКЕНТ: «Асыл-жүрек» орталығы зейнеткерлерді тұзды шахта арқылы емдейді

Шымкенттегі «Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы зейнеткерлерді тұзды шахта арқылы емдейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығы 29-шы маусымнан бастап карантиндік талаптарға сәйкес 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерге қызмет көрсетуде. Бүгінде орталықта 60-қа жуық зейнеткер ем қабылдып жатыр. Орталықта тұзды шахтамен емдеу тәсілі енгізілді. Қызмет алушылар алдымен толық тексеруден өтіп, қажет болған жағдайда дәрігердің шешімімен 5-10 күндік курс ретінде тұзды шахтаның көмегімен ем қабылдайды.
Аталмыш ем түрі бронх демікпесі, бронхит, пневмония, ЛОР-патологиясы (аллергиялық ринит, синуситтар, гаймориттар, аденоидтар, фарингиттар, тонзиллиттар), аллергия, тері аурулары (псориаз, экзема), орталық нерв жүйесі секілді ауруларды емдеуге және алдын алуға бағытталған.
Тұзды шахтадағы ем қабылдау пайдалы микроэлементтермен бай, ауаны жұту жолымен жүзеге асырылады. Емделу кезіндегі ең бастысы ағзадағы зат алмасу процесін қалпына келтіреді. Сонымен қатар ағзадан жедел түрде улы заттар шығып, олар табиғи, тұздың табиғи теріс иондарымен алмасады.
Сондай-ақ тұзды шахта стресті түсіру үшін, созылмалы шаршау синдромын емдеу кезінде, невроз, ойлау және физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттыру үшін, ұйқыны жақсарту үшін көмектеседі. Жүрек — қан тамырлары ауруларына да пайдалы.
«Бізге келіп жүрген зейнеткерлерден тек алғыс алудамыз, біздің орталыққа келген әр зейнеткер көңіл-күйлері көтеріңкі, дендері сау болғанын қалаймыз. Шымкент қаласының әрбір зейнеткерлеріне орталығымыздың есігі әрдайым ашық. Әзірге тек 65 жасқа дейінгі зейнеткерлерді қабылдап жатырмыз»,- деді «Асыл-жүрек» әлеуметтік медициналық орталығының директоры Мауия Алданазарова.