Жаңадан ашылған оқу орталығында ұзақ мерзімде ем алатын оның ішінде окнологиялық ауруға шалдыққан балалар білімін жетілдірмек.
Кішкентай пациенттер үшін Асардағы балалар ауруханасы ішінен «SMART мектебі» ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жаңадан ашылған оқу орталығында ұзақ мерзімде ем алатын оның ішінде окнологиялық ауруға шалдыққан балалар білімін жетілдірмек.
“Қала бойынша медициналық ұйымдар арасында мұндай мектеп алғаш рет ашылып отыр” - дейді мамандар.
Балалардың жан-жақты дамуы үшін мұнда барлық қолайлы жағдайлар мен мүмкіндіктер қарастырылған.
“Онкогематологияда ем алатын балаларымыз үшін бұл зор мүмкіндік болды. Өйткені балалардың психологиялық-эмоционалды деңгейін көтеруге, емдеуге бұл оқу орталығы көп көмегін берер деген үміттемін”, - дейді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков.
Айта кетейік, аурухана ішінен ашылған смарт мектебінде мұғалімдер алты пән бойынша оқу бағдарламасын жүргізеді. Жалпы бұл қайырымдылық жобасы Help Today қоғамдық қоры арқылы жүзеге асқан.