ШЫМКЕНТ: Бадам өзені жағалауын бекіту жұмыстары басталды

0
398

Жоба бойынша 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.


ШЫМКЕНТ: Бадам өзені жағалауын бекіту жұмыстары басталды

Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданы аумағынан өтетін Бадам өзені жағалауына бетонды дамба қойылып, бекіту жұмыстары басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жауаптылармен бірге осы аумаққа арнайы барып, құрылыс барысын қадағалады.

Жоба бойынша 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Бұл шаралар Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке - 20 жыл, Маятас, Тоғыс елдімекендеріндегі тұрғын үйлерді су шаю қаупін алдын алуға бағытталып отыр. Өндірістік кестеге сәйкес құрылыс жұмыстары 2024 жылдың соңына қарай аяқталады.
Қала әкімі жауаптыларға жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өзен жағалауын бекіту жұмыстарын сапалы әрі тез орындауды тапсырды.