ШЫМКЕНТ: Биыл Тассай индустриялық аймағында 200 жұмыс орны ашылады

0
584

Қазір «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылды.


ШЫМКЕНТ: Биыл Тассай индустриялық аймағында 200 жұмыс орны ашылады

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар индустриялық аймақтарды аралап, кәсіпорындардың жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жалпы аймақ іске қосылғалы мұндағы кәсіпорындардан бюджетке 8,2 миллиард теңге салық төленген. Бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған М.Дүйсенбекұлы туындаған проблемалардың оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

«Аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау қажет. Оған дейін кәсіпорындардың уақытша электр қуатымен қамтылуын ұйымдастырыңыздар. Инвесторларға берілген жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қадағалауға алыңыздар», - деді қала әкімі.
Жыл соңына дейін мұнда 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы.

Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындардың қуаттылығына сай жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасап, абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. 1 теңге бюджеттік инвестицияға 15 теңге жеке инвестиция тартылды. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері аймақ қатысушыларымен бюджетке 8,2 миллиард теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасалған. Жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақтардың жобалармен жылдам толуына байланысты аумағы 867 га 5 жаңа өнеркәсіптік алаңдар құрылуда. Нәтижесінде, инвестиция көлемі 398 миллиард теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.
Сонымен қатар, «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инженерлік-инфрақұрылымдық желілерін аяқтау жоспарлануда.