ШЫМКЕНТ: қала әкімі кері байланыс арқылы мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды

0
475

Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түседі.


ШЫМКЕНТ: қала әкімі кері байланыс арқылы мәселелерді шұғыл шешуді тапсырды

Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 109 бірыңғай байланыс орталығының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коммуналдық кәсіпорындардың барлық байланыс тетіктерін біріктіретін мекеме 24/7 тәртібінде жұмыс істейді. Тұрғындардың өтініштері белгіленген мерзімде мемлекеттік органдарға, коммуналдық мекемелерге жіберіледі.

Өтініштер «109», «87777109109» WhatsApp нөмірлері және Instagram «@ishymkent109», Facebook «Ikomek 109 Shymkent» және «iKolік» мобильді қосымшасы арқылы қабылданады.
Орталыққа жыл басынан бері 203 916 арыз-шағым түскен. Оның 98,5%-ы орындалып, өз шешімін тапты. Қалған өтініштер жауапты мекемелердің қарауында. Мұнда күніне мыңнан аса арыз-шағым түседі.
Қала әкімі жауаптыларға азаматтармен кері байланыс орнату арқылы қызмет сапасын арттыру бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ орталық директорына бір де бір арыз-шағымды қараусыз қалдырмай, көтерілген мәселелерді шұғыл шешуді ұйымдастыруды ескертті.