ШЫМКЕНТ: Карантин 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

0
1 258

Қоғамдық көліктер мен сұлулық салондары, шаштараз, базарлар демалыс күндері жұмысын тоқтатады.


ШЫМКЕНТ: Карантин 14 қыркүйекке дейін ұзартылды

иллюстрациялық фото

Шымкентте шектеу шаралары 14 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы бас санитария дәрігерінің қаулысында айтылған.

«Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 30 тамыз сағат 00:00-ден бастап, 2020 жылғы 14 қыркүйек сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын»,-делінген қаулыда.

Қаулыға сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың көшеде, қоғамдық орындарда жүруіне шектеу қойылған. Қоғамдық көліктер мен сұлулық салондары, шаштараз, базарлар демалыс күндері жұмысын тоқтатады.

Қаулының мәтінімен мына жерден танысуға болады.