ШЫМКЕНТ: Мониторингте 946 азамат бақылауда

0
609

Барлығы 659 адам карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды.


ШЫМКЕНТ: Мониторингте 946 азамат бақылауда

Шымкент қаласының ТЖД-нің мамандары арасында 17-21 сәуір аралығында COVID-19 36 жағдай тіркелді, оның ішінде 2 бөлім басшысы, 18 бас маман, 16 өрт сөндірушілер, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олар алдын инфекция анықталған ТЖД-де жұмыс істейтін 1977 жылғы азаматпен жақын қарым-қатынаста болуына байланысты, стационарлық карантинге оқшауланды.

Сондай-ақ, коранавирус инфекциясы Македония Республикасынан келген 1998 жылы туған азаматтан анықталды. Науқас ЖРВИ-мен ауырып, жедел жәрдемге шағымданған. Кейін 103-қызметімен инфекциялық ауруханаға жеткізілген.
Бұл науқастарда диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша ПТР-диагностика әдісімен «COVID-19» диагнозы нақтыланды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес, тиісті емдеу жүргізіледі. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. "COVID-19" ауыратын науқастар тіркелген ошақтарда дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Шымкент қаласында бүгінде «COVID-19» бойынша 103 жағдай тіркелген. Ауырғандардың жас санаттары бойынша 3 жасқа дейінгі балалар-4 (3,8%), 3 жастан 18 жасқа дейінгі балалар – 10 (9,7%), 18-55 жастан 79 (75,7%), 55 жастан жоғары – 10 (9,7%). Ерлер-47 (45,6%), әйелдер – 56 (54,4%), оның ішінде балалар – 14 (13,5%). 103 оқиға – 6 әкелінген (5,8%), 11 – Жергілікті (10,7%), 86 – байланыстағы (83,5%).

Барлығы 659 адам карантиндік және провизорлық стационарларға жатқызылды. Эпидемиологиялық маусымда мониторингте барлығы 1592 азамат болды, оның 646-сы бақылаудан алынды. Қазір мониторингте 946 азамат бақылауда.