Шымкент – саламатты өмір салтына бет түзеген шаһар

0
262


Шымкент – саламатты өмір салтына бет түзеген шаһар

Шымкент – саламатты өмір салтына бет түзеген шаһар. Қалада спорттық инфрақұрылыммен қамту, жоғары спорт жетістіктері, бұқаралық спортты дамытуда жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына сәйкес, 4 бағытта жұмыс жоспарлары белгіленген. Дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтардың санын жалпы халықтың 50 %-ына дейін жеткізу – басты жоспарда.
2023 жылдың қорытындысына сәйкес қаладағы спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 513 954 адамды (42,2%) құраған. Оның 197 266-сі – 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, 2798-сі (14,9 %.) – мүмкіндігі шектеулі жандар.
Соңғы жылдардың бедерінде қалада Үстел теннисі спорт кешені және Жаңа ипподром (демеуші есебінен), «Металлург» стадионы мен №20 спорт мектебінің спорт кешені (бюджет есебінен) пайдалануға берілді. Қазақстан футбол федерациясы тарапынан «Цементник» стадионының жасанды төсеніші (газон) ауыстырылды.
Өткен жылы жазғы Азия ойындарында қала спортшылары жоғары көсреткіштерге қол жеткізді. 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына Шымкент қаласынан 10-нан астам спортшы лицензияға ие болып отыр.
Бөлісу