ШЫМКЕНТ: Тұран ауданы аумағындағы қоқыс контейнерлері 100% жаңартылады

0
395

Балаларды қорғау күніне орай, Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейінгі ұзындығы 6 шақырымға жуық "Тұлпар" балалар темір жолының орнына заманауи веложол салынған.


ШЫМКЕНТ: Тұран ауданы аумағындағы қоқыс контейнерлері 100% жаңартылады

2024 жылы Тұран ауданында қоқыс алаңдарын жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары - Бекбол Аманжол Бақытжанұлы баяндады.

Аудандағы 54 қоқыс алаңшасына 260 жаңа қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) жинауға арналған контейнерлер орнатылады. Нәтижесінде, аудан аумағындағы қоқыс контейнерлері 100% жаңартылатын болады. Бұл жобаны жүзеге асыратын мердігер мекеме анықталуда. Сонымен қатар, аудан аумағында 3060 қоқыс жәшігін орнату жоспарланып, қазіргі уақытта олардың 2200-і қойылды.

Ағымдағы жылы аулааралық 60 аумаққа 154 жарық шамы орнатылып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыру жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, демеушілердің қолдауымен Түркістан шағын ауданындағы Айқап көшесінде балалар ойын алаңшасы, ал Рысқұлбеков көшесінде тренажерлық алаңша орнатылды.
Балаларды қорғау күніне орай, Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейінгі ұзындығы 6 шақырымға жуық "Тұлпар" балалар темір жолының орнына заманауи веложол салынды. Велосипедшілер үшін арнайы баспалдақтар да орнатылып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалды.

Сонымен қатар, аудан әкімі елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5%-ды құрайтынын да атап өтті. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100%-ға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7%, ал электрмен қамту 95,2%-ға жетті. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды.

Сондай-ақ, аудан әкімінің сөзінше, Тұран ауданындағы инфрақұрылымдық жұмыстар аясында 21 шағын ауданда 165 шақырымды қамтитын 200 көшеге 3500 дана жарықтандыру бағанасы орнатылады деп жоспарланған. Қазіргі уақытта ауданның 263 көшесі жарықтандырылды, оның ішінде 69 көшеге қосымша бағаналар орнатылған. Алты көшеде мердігер мекемелер тарапынан жұмыстар жалғасуда.

Бөлісу