ШЫМКЕНТ: жастар арасында “ДІН МЕН ДӘСТҮР” тақырыбында кездесу өтті

0
276

Кездесу барысында мамандар жастарға дін мен дәстүрдің қоғамдағы рөлі, олардың үйлесімділігі және дұрыс діни таным қалыптастыру жолдары туралы кең көлемде түсіндірілді.


ШЫМКЕНТ: жастар арасында “ДІН МЕН ДӘСТҮР” тақырыбында кездесу өтті

Шымкент қаласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастарға дін мен ұлттық дәстүрлердің үйлесімділігі мен маңыздылығын түсіндіру және дұрыс діни білім беру арқылы қоғамдағы тұрақтылықты нығайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының жастары арасында “Дін мен дәстүр” тақырыбында арнайы кездесу өтті.

Кездесуге Шымкент қаласы «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Байманова Тыныштық, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы, сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» акционерлік қоғамының студенттері қатысты.
Кездесу барысында мамандар жастарға дін мен дәстүрдің қоғамдағы рөлі, олардың үйлесімділігі және дұрыс діни таным қалыптастыру жолдары туралы кең көлемде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан толық жауап алды.

Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында арнайы кездесу өткізілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің маманы Аманкелді Нұрдаулет Бахытұлы, “Жастар ресурстық орталығы” мекемесінің Аутрич және NEET жастармен жұмыс бөлімінің инспекторы Әмірхан Ұлдана Асқатқызы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының жанындағы медицина колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында мамандар діни экстремизм мен терроризмнің қаупі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жастарға олардың алдын алу жолдары мен дұрыс діни ақпараттың маңыздылығын жеткізді. Сонымен қатар, студенттерге кереғар діни ағымдардан сақтану әдістері туралы кеңестер берілді. Студенттер өз сұрақтарын қойып, мамандардан қажетті ақпарат алды.
Бөлісу