Шымкентте 100-ден астам шетелдік азамат қамауға алынды

0
882

Өзге елдердің 44 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.


Шымкентте 100-ден астам шетелдік азамат қамауға алынды

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мен Өзбекстан бірігіп, «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында аталған екі елдің Қауіпсіздік Кеңесі аппараттары арасында кезекті екіжақты консультациялардың қорытындысымен Өзбекстан РеспубликасыІІМ-нің қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Сондай-ақ, жедел-алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-нан кету ережелерін бұзған барлығы – 587 шетелдіктер мен ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде: 511-і шетелдік, 76-ы ҚР азаматтары. Аталған құқықбұзушылардың 320-на ескерту жасалып, 70-не әкімшілік айыппұлдар салынса, 153 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, өзге елдердің 44 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды. Одан бөлек Шымкент қаласы ПД-нің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 127 адам орналастырылды.

Оған қоса, ҚР ӘҚБтК 449 бабы 3 бөлігімен, яғни, адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген 12 шетелдік анықталып әкімшілік жауапкершілікке тартылды.