​Шымкентте 1000 орындық аурухана салынады

0
1 528

Шымкент әкімінің айтуынша, өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылған іс-шаралар жетерлік.


​Шымкентте 1000 орындық аурухана салынады

ERNUR.KZ. Шымкентте 1000 жатын орынға арналған ірі аурухананың құрылысы қолға алынуда. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған брифингте Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

«Денсаулық сақтау саласында бірқатар ірі жобалар бар. Атап айтсақ, шетел тәжірибесі бойынша отбасылық амбулаториялық орталықтар ашылып жатыр. Сонымен қатар, қалада 1 мың жатын орынға арналған көпсалалық аурухана құрылысы жеке кәсіпкермен бірлесіп қолға алынып жатыр», - деді қала әкімі.

Ол нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында жыл басынан бері 26 мың адам қамтылып, жылдық жоспар 4,6% артық орындалғанын айтты.

«Оның ішінде, 148 адамға шағын несие берілді, 19 мың адам жұмысқа орналастырылды, 1800 қысқа мерзімдік кәсіптік оқуға жолданды, 426 әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталды», - деді Әбдірахымов.

Шымкент әкімінің айтуынша, өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылған іс-шаралар жетерлік.