​Шымкентте 20 000 бетперде мен 600 аскорбин қышқылы қала тұрғындарына тегін таратылды

0
1 263

«MegaPharma»ЖШС қала тұрғындарына қолдау көрсетті.


​Шымкентте 20 000 бетперде мен 600 аскорбин қышқылы қала тұрғындарына тегін таратылды

Шымкенттік еріктілер 20 000 бетперде мен 600 аскорбин қышқылын қала тұрғындарына таратты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев еліміздегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты: «Қалаларымыздың негізгі көшелерінде маскалар азаматтарға тегін таратылуы тиіс.» деп айтқан болатын.

Осы ұсынысты қолдайтын компаниялардың бірі «MegaPharma»ЖШС. Короновирустың алдын алу шараларына 100-ге жуық Шымкент қаласының волонтерлары жұмылдырылып, 20 мыңға жуық бетперде мен балаларға арналған 600 аскорбин қышқылын таратты. Компания басшылығы бұл акцияның мақсаты Шымкент қаласының тұрғындарына қолдау көрсетіп, өзінің әлеуметтік функциясын орындау болып табылатынын атап өтті.

Атап айтқанда, Шымкент қаласындаадам көп шоғырланған орындары Әл-Фараби ауданы бойынша «Арбат» демалыс орны, Абай ауданы бойынша «Жаңа шаһар» базары, Еңбекші ауданы бойынша «Север» сауда үйі, Қаратау ауданында Қайнарбұлақ және Сайрам елдімекендері нүктелерінде таратылды.