Шымкентте 26 мыңнан астам балаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

0
1 421

Мегаполистегі 26 113 балаға жалпы сомасы 145 371 мың теңге қаржы аударылып әлеуметтік көмек көрсетілді.


Шымкентте 26 мыңнан астам балаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

Шымкентте 26 113 балаға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты АӘК алатын отбасылардың 6-18 жас аралығындағы балаларына азық-түлік және тұрмыстық жиынтық негізінде 5567 теңгеден қаржылай қолдау көрсетілуде. Шымкент қаласы бойынша осындай 11 298 отбасындағы 26 113 балаға жалпы сомасы 145 371 мың теңге қаржы аударылып, әлеуметтік көмек көрсетілді.