Шымкентте 42 жастағы ер адамды өз пәтерінде ұрып өлтірген

0
715

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.


Шымкентте 42 жастағы ер адамды өз пәтерінде ұрып өлтірген

Шымкентте өз үйінде ер адамның өлі денесі табылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 7 қаңтар күні сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады. Алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған. Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - делінген жазбада.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.