Шымкентте 5,3 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылды

0
838

2 агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланғанү


Шымкентте 5,3 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылды

Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді.
Әкім Елбасының Жарлығымен республикалық маңызы бар қалалар санатына қосылған Шымкент қаласының даму бағыттары туралы баяндай отырып, әсіресе, Президент Жолдауында басым бағыттардың бірі ретінде көрсетілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзімізді толық қамтамасыз етудегі атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
– Осы бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймағын іске қосу жоспарланып отыр. Біріншісі – аумағы 136 гектар жерге заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешенін салу бойынша 28 жобаны іске асады. Екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағын құру жоспарлануда. Мұнда биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндірісі және сүт өндіру зауыты бой көтереді, сонымен қатар шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, консервілейтін жобалар жүзеге асады, - деді қала әкімі.

Жалпы, Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Мәселен, осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 7,6 млрд.теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асыру жоспарланып, бүгінгі таңда 5,3 млрд.теңгеге 10 жоба іске қосылды.